|
30.10.2017 | 17:30
2800

"Алматы" арнасынан "Ұлы Жібек жолы" деректі фильмі көрсетілмек

"Алматы" арнасынан "Ұлы Жібек жолы" деректі фильмі көрсетілмек

Ұлы Жібек жолының бойында тұратын жұрт туралы түсірілген деректі фильм жуырда «Алматы» арнасынан беріледі. Экспедиция бірнеше мың шақырым жол жүріп, өзбекстанның тарихи өлкесін түсіріп қайтты. Самадинов мұражайы, сан ғасырлық Самарқанд қаласы, орта ғасырдан бері келе жатқан атақты Сиаб базары мен Әмір Темірдің билік құрған ғимараты. Бұдан өзге де тамырын тереңге тартқан тарихи орындар мен Ұлы жібек жолында  ұмыт болған жайттар  көрерменге жол тартады. Өткен жылы Еуропа мен Кавказ жолдарын жүріп өткен экспедиция мүшелері келесі жылы Түркия аумағын аралмақ. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир