Алматыда «Рухани келісім күні» атап өтілді

Алматыда «Рухани келісім күні» атап өтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 25 жыл бұрын бастау алған мереке - «Рухани келісім күні» атап өтілді. Еліміздегі мәдениетаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда бұл айтулы датаның маңызы зор. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатында да ұлттық патриотизмнің негізі - осы рухани түлеу делінген. Ендеше еліміздегі 178 діни бірлестіктің барлығының да мақсат-мұраты бір - достықты насихаттау. Ал осы істің басы-қасында жүріп, діни саясатты, дінаралық ауызбіршілікті дәріптеп жүрген азаматтар қалалық әкімшілік тарапынан марапатталды. Басқосуға діни бірлестіктердің басшылары, діни конфессия мүшелері, белгілі дінтану саласының мамандары қатысты.

«Рухани келісім бұл біздің ауызбіршілігімізді, дінаралық келісімімізді тағы бір нығайтатын, насихаттайтын маңызды мереке. Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында осындай шараларды қолға алып, салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізіп жатырмыз. Меніңше, мұның еліміздің келісіміне, ауызбіршілігіне қосатын үлесі зор болады»,-деді Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы, Айдар ЕСЕНБЕКОВ.


Новости партнеров