Алматыда шығармашыл жастарға арналған алаңдар көбірек ашу керек. «Алматы жастарын қолдау - 2020» жол картасы бағдарламасын талқылау үшін бас қосқан қаланың белсенді жастары осындай ұсыныс білдіріп жатыр. Олар трамвай депосында ашылады деп жоспарланған жастар орталығында биді үйрететін үйірме құрмақ. Осы арқылы өнерлі өскелең ұрпақтың санын арттырып, бағдарламаны іске асыруға үлесін тигізгілері келеді.
«Біздің тағы бір ұсынысымыз - шеберлік сабақтарын жиі өткізу. Бос уақытты тиімді өткізуге септесу. Би - ол мәдениетті дамыту. Сондықтан біз бидің барлық бағытын дамытуды қолға алмақпыз», - деді Шығармашыл жастарды қолдау орталығының жетекшiсi Марат ЯГФАРОВ.
Биыл жол картасы аясында алматылық жастарды қолдауға 6 миллиард теңге бөлінбек. Бағдарламада бес бағыт басымдыққа ие. Оның ішінде білім беру саласындағы сыбайлас жемқоролықпен күрес, жұмыссыз жастардың санын азайту, бұқаралық спортты дамыту, жас отбасыларды баспанамен қамту және бос уақытты аулау сияқты бағыттар қарастырылған.