|
04.09.2018 | 12:24
1222

Алматыда соңғы 10 жылда болмаған салқын ауа райы тіркелді

Алматыда соңғы 10 жылда болмаған салқын ауа райы тіркелді

Алматыда 2009 жылдан бері болмаған ауа температурасы тіркелді. Бүгін, 3 қыркүйекте Алматыда +5,8 градус тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» кәсіпорнының инженер-синоптигіне сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, Қазақстанға салқын ауа массаларының келуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеді.

«Еліміздің солтүстік өңірлерінде -2 градусқа дейін ауа температурасы төмендеген. Ол ауа массалары оңтүстік өңірлерге де келіп жетті. Сондықтан Алматыда 5,8 градус жылы ауа райы тіркелді. Жамбыл облысында -1 градусқа дейін төмендеді, Түркістан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендеді. Бірақ алдағы күндері күн жылиды. Бүгін түнгі уақытта да Алматыда салқын ауа райы сақталады: күндіз 5-7 градус, ал сейсенбіде күндізгі уақытта ауа температурасы 20-22 градусқа дейін жоғарылайды», – деді инженер-синоптик.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир