|
12.04.2018 | 09:18
1354

Алматының тарихи орталығын дамыту қалай жүзеге аспақ?

Алматының тарихи орталығын дамыту қалай жүзеге аспақ?

Алматының тарихи орталығын дамыту қалай жүзеге аспақ? Қаланың құрылысын жоспарлау саласындағы ғылым қайраткерлері, сәулетшілер, сарапшы-урбанистер және өлкетанушылар осы мәселені талқылады. Жиынға келген әр қатысушы өз ойларымен бөлісті. Бастысы, тарихи маңызы бар нысандарды өзгертіп алмауымыз керек, дейді қатысушылар. Түп нұсқасын сақтап, заманауи технологиямен жаңарту керектігін айтты ғалымдар. Архитекторлар тарихи орталықтың шекарасы өзгермейтінін жеткізді. Абай мен Райымбек батыр даңғылы, Есентай өзенінің жағасы және кіші Алматы өзенінің арасы тарихи орындар болып қала бермек. Осы аумақтағы нысандар бүлінбей, ерекше назарда тұратын болады.

«Біз бүгін қаланың құрылысшылары мен архитекторларын жинап, Алматының тарихи орталығын дамыту бойынша жиын өткіздік. Шекарасы өзгермейді. Тек ондағы нысандардың қалпын өзгертпей, қалдыруымыз керек. Тарихты өзгерте алмаймыз, оны сол қалпында сақтап қалуды қолға алуымыз керек. Тарихи орталық жайлы алғаш рет жиын ұйымдастырып отырмыз. Алдағы уақытта да, жауаптылар мен тұрғындардың ұсынысы ескеріліп, жиын жасаймыз», - деді «ҚАЗҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Нұрлан ҰРАНХАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир