Астана процесінің кезекті раунды басталды

Астана процесінің кезекті раунды басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Сирия мәселелерін шешу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды басталды. Әдеттегідей, алғашқы күн отырысы жабық есік форматында өтуде. Бас қосуға Сирия Үкіметі делегациясын бастаған Башар Джафари, БҰҰ өкілдері мен кепілгер мемлекеттер тарапынан қатысушылар келді. Бұл жолы үш тарап «Астана - 8» процесі кезінде тілге тиек етілген мәселелерді қайта қаузайды. Яғни, Сирияда қолға түскен тұтқындарды азат ету, құрылған қауіпсіз аймақтар жағдайы мен гуманитарлық көмек көрсету мәселелері қарастырылады. Сирияның қарулы оппозициясы арнайы рейспен түнде ұшып келмек. Айта кетейік, Астанада осыған дейін Сирия мәселесі бойынша  8 келіссөз өткен болатын. Соңғы келіссөз барысында қабылданған  қауіпсіз аймақтарды құру туралы мәміле - Сирияда 2011 жылдан бері жалғасып жатқан қарулы қақтығысты тоқтату мақсатында қол жеткен ең ірі жеңістің бірі болды. Бұл өз кезегінде елдегі шиеленісті бәсеңдетуге септесті. БҰҰ ақпарына сенсек, Сириядағы қақтығыс салдарынан 5 жарым миллионға жуық адам елден безіп кеткен. 


Новости партнеров