|
15.05.2018 | 12:17
1204

Астанадағы экономикалық форум: биыл саммитке әлем жұлдыздары келмек

Астанадағы экономикалық форум: биыл саммитке әлем жұлдыздары келмек

Астанада «Global Challenges Summit 2018» тіркеу орталығы ресми түрде өз жұмысын бастады. Аккредитациялық мекеме дерегінше, экономикалық форумға әлем елдерінен 700-ге жуық БАҚ өкілдері келеді. Ал Ресей делегациясының әуелгі тізімі өзгеріске ұшырапты. Оған жуырда көрші елде өткен  сайлау әсер еткен.

«Игорь Шувалов делегацияны бастап келу керек болатын. Дегенмен, Ресейде өткен сайлау нәтижесінде Үкімет құрамы өзгерді. Енді Экономикалық форумға Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Козак қатысады. Оның Еуразиялық Экономикалық Одақ аясына арнаған жоспары ауқымды»,-деді «Global Challenges Summit 2018» бас продюсері  Болат СТОЛЯРОВ.  

Еске сала кетейік, мамырдың 17-19 аралығында он бірінші Астана экономикалық форумы өтеді. Еуразияның негізгі экономикалық конгресі болып саналатын аталмыш іс-шараның тақырып аясы да мүлде өзгерген. Енді жаһандық сын-қатерлер төңірегіндегі түйіткілдерге жауап іздеп, шешім жолдары қарастырылады. Маңызды кездесуге қатысатын қонақтар саны да биыл рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Демек әлемнің түкпір-түкпірінен келетін 500-ге жуық танымал саяси тұлға, қоғамдық қайраткерлер мен өз саласының майталмандары бас қосады. Конгрестің соңғы күні Қазақстан экономикасын дамыту мен туындаған қиындықтарды шешуге арналады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

форум2018
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир