Кабул қаласындағы «Intercontinental» қонақ үйіне жасалған ланкестік шабуыл салдарынан Қазақстан азаматы мерт болды. Ақпарға сәйкес, кәсіпкер Ауғанстанға жеке іс-сапармен барыпты. Әрі, аталмыш елдегі Қазақстан елшілігінде тіркеуге тұрмаған. Тексеру нәтижесінде, 1978 жылғы азаматтың Астана тұрғыны екені анықталды.
«Біз өз тарапымыздан туған-туысы мен жақындарына көңіл айтқымыз келеді. Әрі, қазіргі кезде біздің елдің дипломаттары денені елге қайтару үшін ауған тарапымен қажетті жұмыстарды қолға алғанын жеткізгім келеді», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ.
Ауғанстан астанасындағы қонақ үйге жасалған содырлар шабуылынан 43 адам зардап шекті. Елдің құқық қорғау органдары таратқан ақпарға сүйенсек, қарулы топ қолынан 14 адам көз жұмған. Шабуылды «талибан» қозғалысы өз мойнына алды.