Бауыржан Байбек ҰОС ардагерін 100 жас мерейтойымен құттықтады

Бауыржан Байбек ҰОС ардагерін 100 жас мерейтойымен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы тапсырмасымен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысының ардагері - Әдіш Әбдірайымовты 100 жас мерейтойымен құттықтады. Сұрапыл майданға бар-жоғы 20 жасында аттанған қарияның бүгін 9 мамыр туған күні. Ақсақал 1938 жылы Харьков қаласындағы университеттердің біріне оқуға түскен. Кейін 1940 жылы әскер қатарына алыныпты. Қызылорда облысының тумасы Белорусь фронтына қарасты нөмірі 173-ші атқыштар дивизиясына қатардағы жауынгер болып жіберілген. Тұтқында болып, азапты ғұмыр кешкенін ақсақал күрсіне еске алады. 3 жыл бұрын Алматыға көшіп келген қария 4 бала, 3 немере, 1 шөбере бағып отыр. Қала басшысы Елбасы тапсырмасымен ардагерге бағалы сыйлықтар табыстады. Жеңіс үшін күрескен майдангерге шексіз алғысын білдіріп, ерліктері ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

«Ұлы Отан соғысынан аман болғанға 73 жыл болды. Сол мейраммен бәріңізді құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын! Әр уақытта жақсылық заман болсын! Көргеніміз ылғи жақсылық болсын!», - деді Ұлы Отан соғысының ардагері  Әдіш ӘБДІРАЙЫМОВ.

Ал Елбасы тапсырмасымен қала басшының үйге келіп, арнайы құттықтағанына риза болған ардагер ақ батасын берді. Көзі тірі қарияларды осылай ардақтау керектігін айтып, елімізге ашық аспан мен бейбіт заман тіледі.


Новости партнеров