Биыл мұғалімдердің жалақсы 30-50%-ға көтеріледі

Биыл мұғалімдердің жалақсы 30-50%-ға көтеріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы осыдан бір сағат бұрын маңызды мәлімдеме жасады. Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауында негізгі 10 бағытқа басымдық берілетінін айтты. Президент отандық индустрия ілгерілей түсетінін мәлімдеді. Кәсіпорындар жаңа технологияларды жаппай қолдануы тиіс. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «ресурстарды тиімді үнемдеуге басымдық берілетінін де айтты. Жер қойнауын оңай барлауға, шикізатты жаңаша әдіспен өндіруге мүмкіндік беретін шешімдер қажет», - деді.             

«Үшінші – агроөнеркәсіп  кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс. Төртінші – транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыта беру. Цифрлық технологияларды енгізу мен интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Президент бұдан бөлек, енді еліміздегі тұрғын үйлер басқаша әдіс бойынша салынатынын айтты. Жаңа пәтерлердің шаршы метрі қазіргіден анағұрлым үлкенірек болмақ. Одан кейін, екінші деңгейлі банктер қарапайым тұрғындардың мүддесін ескеру керек. Олардың ісін енді құзырлы орындар жіті тексеретін болады. Бастысы – мемлекеттік бюджеттен биыл әлеуметтік салаға 4 трлн теңге бөлінбек. Зейнетақы 1,8 есеге өсетін болды. Ал жаңа білім бағдарламасы бойынша дәріс беретін мұғалімдердің жалақсы 30 пайыздан 50 пайызға дейін жоғарылайды. Айта кетейік, Қазақстан президентінің жолдауы ертең мерзімде баспасөзде жарық көреді.   

Новости партнеров