|
16.08.2018 | 18:06
2978

Алматыда Түрксіб ауданындағы ескірген аулаларға жаңарту жұмыстары жүргізілді

Алматыда Түрксіб ауданындағы ескірген аулаларға жаңарту жұмыстары жүргізілді

Алматыда Түрксіб ауданында ескірген аулалардың жартысынан астамы жөндеуден өткізілді. Қала әкімі Бауыржан Байбек аудандағы коммуналдық-шаруашылық инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. 

Былтыр мұнда 80 аула жаңартылса, осы жылы оның қатары 130-дан асып отыр. Осылайша, соңғы екі жылда аудандағы аулалардың жартысы жаңғыртылған. Онда балалар ойнайтын алаңқай, дене шынықтыруға арналған жабдықтар, тіпті, баскетбол ойнауға арналған алаң да бар. Сондай-ақ, жасыл желектер саны көбейтілуде. «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында жарықтандыру жүйесі жаңартылып жатыр. Олар пилоттық режимде күн сәулесімен жұмыс істейді.  

«Аулалардың бәрі қауіпсіз, жайлы әрі жарық болса дейміз. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ыңғайлы болғаны жақсы емес пе?! Үш, бес жасар бала да, жасөспірімдер де емін-еркін, еш алаңсыз ойнап, спортпен айналыса алады», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Қалада инфроқұрылымды жаңғырту аясында 524 көше мен 800 шақырым инженерлік жүйе жөндеуден өткізілген. Жыл соңына дейін жаңа автобустар саны 80 пайызға дейін ұлғайтылмақ. Сонымен қатар, 174 үйдің қасбеті, шатыры мен кіре берісі жөнделеді. 226 жеделсаты ауыстырылады.  

«Бұрын мына жер бос жататын. Ойық-шұңқыры көп жер еді. Қазір енді мына мектептің алды дұрысталып, балалар да, үлкендер де риза болып жатыр. Әсіресе, балалар ойнап жетісіп қалды, мұнда неше түрлі ойын ойнауға болады. Кешке қарай осы жерге шығып, демалатын болдық», – деп ризашылық білдірді тұрғын.

«Бұл жердің бұрын шаң-тозаңы шығып жататын, қазір керемет алаңға айналды. Осы алаңға ойнауға бәрі келді, мен қазір көп құрбы-достар таптым. Бұл жер маған қатты ұнайды. Осылай етіп салған адамдарға рахмет айтамын», – дейді қуаныштан жүзі жайнаған мына бүлдіршін.  

«Бұрын осы жерден өткенде өте лас болатын. Тіпті бұл ауланы қалай айналып өтуді білмей дал болатынбыз. Қазір сондай әдемі. Барлық үйдің тұрғындары осында келеді. Әсіресе, балаларымыз үшін жақсы болды. Немеремді әкеп ойнатамын. Ал, жаттығу құрылғыларына бала түгілі, әжелерге дейін келіп жаттығады», – дейді тағы бір тұрғын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир