«Қазақфильм» киностудиясы аумағындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады

«Қазақфильм» киностудиясы аумағындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақфильм» киностудиясы аумағында игерілмей бос жатқан 5 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ол аумақта ауқымды құрылыс жүріп, «Этноленд» ұлттық мәдени кешені бой көтереді.

Қазақстанда аналогы жоқ мәдени туристік орталықта қазақтың бай тариxымен танысуға болады. Кешенде түрлі фестивальдер ұйымдастырылып, көрмелер көрсетілмек. Сондай-ақ, қазақ үйлер тігіліп, іші құнды жәдігерлермен толықтырылады.

Айта кетсек, «Этноленд» кешенін салу бастамасын былтыр «Қазақфильмнің» басшылығы өздері көтерген. Әкімдік жобаны мақұлдап, тиісті қаулы шыққан соң киногерлер сөздерінен тайқып шыға келген дейді Алматы қалалық Туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Олар жалға алынған жер телімін мемлекетке қайтарғысы келмей, тіпті екі мәрте сотқа да шағымданыпты. Бірақ сот киногерлердің өтінішін қанағаттандырмады. Енді жергілікті билік өкілдері Этнолендтің құрылысын келер жылы бастауды жоспарлап отыр.  


Новости партнеров