5-11 мамыр аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

06.05.2018 в 03:33

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Қоңыр күйдің құдыреті, Бабадан балаға мирас болған алаштың аманаты. Ұлттың музыкасы ұлттың «Інжу-Маржаны». Сенбі, 5 мамыр сағат 12:30-да. 



Қайсарлықтың символы – Анар Бексұлтанова. Ол екі қолсыз туса да, оның қолынан бәрі келеді. Рухы мықты «top жарған» тарландары. Сенбі, 5 мамыр сағат 21:00-де «Алматы» арнасында. 



Ол қазақтың лирик ақыны. Ол Қарасаздық тәлімгер. Мұзбалақ ақынның әулелі ғұмыры". Сенбі, 5 мамыр сағат 21:30-да "Алматы" телеарнасында.



Сап түзеп Отан қорғаушы атану үшін қандай талаптарға сай келу қажет? Қаламыздың жастары «Ана үйі» қоғамдық қорына қалай қолдау көрсетті? Қала тұрғындары мен қонақтары Ұлы Жеңіс туралы не біледі? Алматылықтарға салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасалған ба? Осы сауалдарға жауап алғыңыз келсе жексенбі, 6 мамыр күні сағат 12:30-да «Жастар қаласы» бағдарламасынан тамашалаңыз!



Асықпайық ұжымы бұл жолы аспан әлемін бақылап, Тұңғыш президент саябағында серуендемек. Алып шаһардың көрікті жерлерін көргіңіз келсе  жексенбі, 6 мамыр күні сағат 13:00-де  «Алматы» арнасы қосулы болсын! «Асықпайық» бағдарламасымен Алматыны асықпай аралайық!



Арман алдамайды десек те, ойлағанның бәріне қол жеткізу мүмкін бе? Ат ұстарын аңсаған әке көңіл. Сенгіште, аңғал бала болмыс. Қым-қиғаш сүрлеудің тоғысар тұсы қайсысы? «Секер» көркем фильмі. Сәрсенбі, 9 мамыр  сағат 15:15-те.



Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде беремін» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 18:00-де. 


 

«Сүлеймен сұлтан» телехикаясын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:55-те "Алматы" телеарнасында.