Дәріхана ішінде жұбайын пышақтаған азамат өзінің жантүршігерлік қылмысын түсіндірді

Дәріхана ішінде жұбайын пышақтаған азамат өзінің жантүршігерлік қылмысын түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйелін өлтіруге дәрі себепкер болған. «Асыл арман» ықшамауданындағы дәріхана ішінде жұбайын пышақтаған Азамат Құлымбетов өзінің жантүршігерлік қылмысын осылай түсіндірді. Ол жары көзіне шөп салып, балалаларын төркініне тастап, ажырасуға өтініш берді, дейді. Күдікті марқұм Жанар Насыровадан талай рет кешірім сұрап, отбасын бұзбауын өтініпті. Тіпті, келіншегін қайтару үшін өзіне қол салам деп қорқытқан екен. Құлымбетовтың айтуынша, осы тұста фармацевт әйелі дәріхана ішінен 20 қап дәріні оның қолына ұстатыпты. Ол сол дәріні ішкесін, есін жоғалтып қолын қанға бояған көрінеді.

«Жетім жасадым. Бұл өлімнің алдын алуға болатын еді, егер шешесі, туысқандары «13 жыл бірге тұрдыңдар ғой, балаларың үлкейіп қалды ғой, ұят емес пе елден» десе», - деді күдікті Азамат ҚҰЛЫМБЕТОВ.

Десе де, марқұмның туыстары күйеу балалары өзін ақтау үшін Жанарды айыптады, дейді. Олар Азамат Құлымбетов әрдайым ащы суға сылқия тойып, әйелін көкала қойдай қылып сабайтынын алға тартты. Күдікті тіпті, жаңа жыл мерекесінде Жанар Насырова екеуінің үйлеріне от қойған екен. Мұндай бассыздықтан соң, келіншек ажырасуға бел буыпты. Еске сала кетейік, жантүршігерлік қылмыс осы жылы ақпан айында болды. Азамат Құлымбетов өз әйелін тура жұмыс орнында өлтіріп кеткен еді. Ол Жанар Насыроваға 22 жерінен пышақ сұғып, тамағын бауыздағасын оқиға орнынан ізін суытқан. Ер адамның айуандық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған болатын.

«14-і күні шақыртты, келсем қызды қылқындырып, есін аударып тастаған. Сол күннен бастап мен арыз бердім. АІІБ-не әкеп арыз бергіздім. Қызды тергеді. Содан кейін мынаны алып қалды, біз кетіп қалдық. 17-сі күні болды. 18-і күні кешкісін барып пышақтап отыр ғой», - деді Жанар Насырованың ағасы Болатхан НАСЫРОВ.


Новости партнеров