Жұмыспен қамту орталығында тәжірибеден өткен жастарға төленетін шәкіртақы өсті

Жұмыспен қамту орталығында тәжірибеден өткен жастарға төленетін шәкіртақы өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұмыспен қамту орталығында тәжірибеден өткен жастарға төленетін шәкіртақы өсті. Бұған дейін орталықта тәжірибеден өткен әрбі адамға 44 мың теңге төленіп келсе, биылдан бастап  ай сайын 60 мың алады. 6 ай ішінде іс-тәжірибеден сүрінбей өткендер әрі қарай тұрақты  жұмыспен қамтылады. Үкіметтің мұндай шарапатын былтыр алматылық 141 жас көріпті. Оның 80 пайызы мемлекеттік қызметке кірген.   

«6 ай жастар практикасында өтіп, әрі қарай өзімді танытып, көрсету арқылы маған 6 айдың ішінде өте жақсы өтті деп жазып берді. Сосын мен әрі қарай мемелекеттік қызметке орналасу үшін мемлекеттік тест тапсырдым. Тесттен өтіп осы жұмысқа орналастым. Қазір Наурызбай ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында эпидемиологиялық жетекші маман болып жұмыс жасаймын», - деді мемлекеттік қызметкер  Гүлжанат ӘБЖӘЛЕЛ.

Жастар практикасы оқуды бітірген тәлімгерге таптырмас мүмкіндік. Батысы, мұнда жұмыс тәжиірбесі еңбек кітапшасына жазылады. «Жастардың еңбек жолына ілігіп кетуі үшін қазынадан қыруар қаржының бөлініп жатқаны бекер емес», - дейді мамандар. 

«Олар  ЖОО бітіріп келеді. Оларды еңбек өтілінсіз алмайды. Сондықтан, бізге келеді. Қазір жастар өте көп келіп жатыр. 2017 жылы бізге 181 миллион 54 мың теңге бөлінді. Оны толықтай игердік. Ал биылғыға 191 миллион теңге бөлінді», - деді Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы Раушан АБЕУОВА.  

Новости партнеров