Елімізде 10,75 пайызбен ипотека беріле бастады

Елімізде 10,75 пайызбен ипотека беріле бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Баспана-Хит» атты жаңа ипотекамен қайталама нарықтан пәтер алуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Баспана» ипотекалық компаниясының басшысы Қайрат Алтынбековтың айтуынша, алғашқы жарнаның көлемі өзгермейді. Алайда проценттік мөлшерлеме Ұлттық банктің ставкасына байланысты болады. «Мәселен, Ұлттық банктің базалық ставкасы 9 процентті құрайды. Оған тағы 1,7 процент қосылады. Осылайша, «Баспана-Хит» бағдарламасы бойынша проценттік мөлшерлеме 10,7 болады. Ипотека мерзімі - 15 жыл. Ал бастапқы жарнаның мөлшері 20 процент болып қала береді», - деді Қ.Алтынбеков Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Оның айтуынша, жаңа ипотеканы алғанға дейін Ұлттық банктің базалық ставкасы құбылуы мүмкін. Алайда несиені алып, барлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін қарыздың мөлшерлемесі өзгермейді. Келісімшартта қалай көрсетілді, солай сақталып қалады.

«Біз жаңа ипотеканы бере бастадық. Серіктес банктерге барып, құжат тапсырсаңыздар болады», - деп атап көрсетті Қ.Алтынбеков.

Новости партнеров