Елімізде жыл сайын өкпе обырынан 3 мың адам көз жұмады

Елімізде жыл сайын өкпе обырынан 3 мың адам көз жұмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам қазақстандық өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмады. Әсіресе бұл дерт обырдың басқа түрлеріне қарағанда жылдам дамып, адам өмірін жалмайды, дейді дәрігерлер. Қазір онкологтар еліміздің солтүстігі мен шығысында өкпенің қатерлі ісігі дендеп тұрғанын айтады. Сондықтан ақ халаттылар ауруды асқындырмай, ерте скрининг жасау аса маңызды деп отыр. Алматыға обырмен күресудің жаңа жолдарын талқыға салу үшін Ресей, Белорусь, АҚШ, Италия, Испания және Туркиядан мамандар келді. Халықаралық конференцияда олар ауруды емдеуді тек теориялық тұрғыда ғана емес, шеберлік-сыныптарын өткізіп, іс жүзінде сынап көрмек.

«Конференциядан кейін «скрининг» деген сөз - ол ауырмайтын адамдар компьютерлік томографияға барады. Темекі тартатын адамдар, 55-тен жоғары. Олар темекі тартса өте қауіпті. Ішінде рак болуы мүмкін. Компьютерлік томография арқылы кішкентай өзгеріс болса, соны сол кезде ем бастасақ, нәтиже өте дұрыс болады. 2 аптадан көп құрғақ жөтел бар болса, міндетті түрде онкологке, пульманологке бару керек. Түгел тексеруден өтуі керек», - деді  ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» онколог-дәрігері Нұрлан БАЛТАБЕКОВ.


Новости партнеров