Ерлан Біләлдің орнына жаңа басшы жайғасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жуырда ғана жемқорлықпен құрықталған Ерлан Біләлдің орнына жаңа басшы жайғасты. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін енді Жандарбек Садырбаев атқарады. Мұндай шешімді еліміздің мәдениет және спорт министрлігі қабылдады. Ресми хабарламада, «театр директоры Біләлов Ерлан 2018 жылдың 4 қаңтарында істің мән-жайы анықталғанша қызметінен шеттетілді. Шеттетілген уақытта міндетті директордың шығармашылық іс бойынша орынбасары Жандарбек Алайдарұлы атқарады» делінген. Естеріңізге сала кетейін, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, аталған театр басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталған еді. Бірақ, күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты - қамауға алынған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54