Фарида Тұрсұмбекова: Балаға деген махаббат шектен шыққан кезде

Фарида Тұрсұмбекова: Балаға деген махаббат шектен шыққан кезде
Жаңалықтармен бөлісіңіз



Әркімде қи шығаратын күрек іспеттес зат болады,

 күйзеліс және жағымсыз жағдайлар орын алғанда

сіздер өздеріңіздің ойларыңызды

және сезімдеріңізді қазбалай бересіздер.

Одан құтылыңыздар. Өртеп жіберіңіздер.

Әйтпесе, өзіңіз қазған шұңқыр соқыр сезімге жетеді,

сол кезде түнімен ол жақтан өліктер шығады 

Стивен Кинг



        Егер бұл оқиғаның өзіндік жалғасы болмаса, мен ол туралы жазуға ешқашан бел бумас едім.


        Шамамен үш жыл бұрын бір әйел баласының өзінен ақша ұрлайтындығын жазып, басындағы мәселесімен бөлісті. Әрине, мен аңырып және шошып кеттім. Менің алғашқы реакциям - мамандардың көмегіне жүгіну керектігін  жалпылама сөздермен айтып жеткізу болды. Бірақ ойлана келе,  ол ешқашан психологтардан көмек сұрамайтындығын түсіндім.


        Оның хаты «Маған осымен өмір сүруге тура келетіндігін түсінемін, бірақ, қалай...» деген сөздермен аяқталған.


        Бұл оның жан айқайы болды. Бір жағынан балаға деген махаббат болса, екінші жағынан оның істеген жағымсыз қылығы тұрды. Мен бұл мәселенің шешімін табу жауапкершілігін мойныма арта алмадым, бірақ оған көмек көрсетуден бас тартпадым. Біз бірігіп әрекет істеуге келістік. Мен, әрине, мамандардан көмек сұрадым, десе де өзім де мәселенің анық-қанығына жетуге тырыстым.


        Балалар ұрлығы «отбасылық ұят» мәселеге жатады. Әдетте ата-аналар үшін  балаларының «сұмдық» әрекетке барғандығын айту қолайсыз жағдай болып табылады. Олар бұл ақпарат айналаға жайылып және сөгіс естуден қорқады. Сондықтан болар олар бала өсіп, қылығының дұрыс еместігін түсініп, мәселе өзімен өзі шешіліп кетеді деген үмітпен тіс жармайды. Ал мәселе болса керісінше ұлғая береді.


        Бұл мәселе төңірегінде ақпарат іздеу барысында бір түсінгенім, психологтар балалар ұрлығы туралы аз зерттеу жұмыстарын жүргізген. Негізінен жеке, шашыраңқы мақалалар кездеседі. Ал ауқатты отбасынан шыққан балалардың бұндай қылықтары туралы ақпарат жоқтың қасы.


        Маған психолог Э.Х. Давыдованың зерттеу жұмысы ұнады. Бұл өте терең және қызықты материал. Ол жерде психолог мынандай түсінік береді: ұрлық – баланың өмірдегі жанына бататын мәселеге деген реакциясы.


        Біздің оқиғаға қайта оралсақ. Анасына көмектесуге келіскен психолог қыздың бабын тауып, сенімді қарым-қатынас орнатып, мәселенін шешімін табуға тырысқан. Анасы қызды жалғыз тәрбиелеп, ішкен асын артына, ішпегенін алдына қоюға тырысқанымен, бір түрлі естілгенімен, қыздың ұрлық жасауының себебі – анасының көңілін өзіне аудару болды.


        Мәселені сырттан бақылаған мен үшін бұл жағдайдың орын алуының  басты себебі қатарластарымен қарым-қатынаста туындаған қиындықтар, өзін-өзі тану, бұл әрекеттің дұрыс еместігін түсінбеу, яғни кез келген түсінігі бар деп ойладым. Бірақ ана мен қыздың қарым – қатынасында туындаған қиындықтар екендігін естігенде мен үшін күтпеген жағдай болды.


        Баласына деген ананың махаббаты, қамқорлығы қызды «тұншықтырған». Анасына қалай айтамыз, оны азырақ жақсы көр дейміз бе? Кішкентай болса да, тұлға екендігін, оның да арманы, жоспары бар екендігін қалай түсіндіруге болады? Сондықтан болар, қыздың ішкі болмысы бүлік шығарған. Анам менің жақсы қыз деп ойлайды екен, ал мен жаман қыз болып көрейін, мүмкін сонда анам азырақ сүйер? Ал анасы болса, керісінше баласын қорғаштай түсті. Екеуінің арасында түсініспеушілік артты.


        Барлығы жақсы біткендігі көңілді көтереді. Маманмен бірнеше рет кездесу өткізгеннен кейін отбасында қайта тыныштық орнады. Мен бұл оқиғаны ұмыта бастағанымда, жылдың басында әлгі әйелдің қызы маған хабарласты.

Өзін таныстырып өтіп, Жаңа Жылмен құттықтағы келгендігін жеткізді. Мен өзінің, анасының халі, оқуы турасында қарапайым сұрақтарды қойдым. Суретті жақсы салатындығы есіме түсіп, менің де қызымның бейнелеу өнерімен айналысып жүргендігін айттым. Сырттан қарағанда бір –бірін біраз көрмеген достардың әңгімесіне ұқсағанымен, оның дауысы бір түрлі мазасыз болып естілді. Мен оның не үшін хабарласқандығын, яғни басты жағдайды айта алмай тұрғандығын түсініп, сұрақ қойдым:

 

- не болды?

-ештенке – ақырын сыбырлап сөйлеп, еңіреп жылап жіберді...

 

        Ол жылап тұр, ал мені мыңдаған ойлар мазалады, жақын және бір-бірін жақсы көретін адамдардың арасында тағы қандай жағдай орын алуы мүмкін... бірақ мен сабырлық танытып, соңына дейін күттім.


        Бір уақытта бәрі сондай оңай және сондай қиын болып көрінді. Бір кезде жоғалған сенімді қайта қайтару қашан да қиын, тек үлкен махаббат пен кіршіксіз қарым-қатынас қажет.


        Бір сүрінген бала осы уақытқа дейін өзін кінәлі сезініп жүрген. Иә, өзі кінәлі. Иә, қателігін жөндеуге тырысады. Бірақ кез келген шараның шектеу мерзімі болады.


- Не істесем де, анам маған сенбейтіндей  және бұл жағдай қайта қайлатындығын күтіп жүргендей көрінеді. Олай емес. Сіз маған сенесіз бе?

- Сенемін және анан да саған сенетіндігін білемін. Бұл тек сенің қорқынышын – деп барымды салып, қыздың жанын тынышталдырғым келді. Десе де, жақсы көретін адамынды оп-оңай кешіре салуға болады ма деген күмән тұрды.


        Бұл жолы мені кері бағыттағы әңгіме күтіп тұрды. Алғашқы секундтарда –ақ қыздың анасы менің күмәнімді сейілтті. Психологтың берген кеңеске сүйене отырып, анасы берген еркіндікті жасөспірім жатырқау деп түсінген. Ол өзі шешім қабылдап үйренбеген, өз бетімен өмір сүруді білмеген және бұл жағдайда не істеу керектігін білмей абдырап қалған.


Дербестік – бұл рухани үлкен еңбек. Тәжірибесіз, қолдаусыз, жастық шақтың лебімен талай қателіктер жасауға болады.


        Біз сенім және махаббат тақырыбында әңгіме-дүкен құрдық. Басында жылап алдық, кейін күлдік. Әрине, ана баяғыда кешірім берген. Ол өзінің қызына сенеді және оның бастарынан өткен жағдайға қатты алаңдағандығын түсінеді. Баласының көңіліне қаяу түсірмеу үшін ештенке болмағандай жүрген.


        Ал қызы болса, керісінше бәрін есте сақтап қалған. Бұл факті оның өмірінде орын алды, ол  анасының кешіргендігін білдіретін сөздерді естігісі келді, ары қарай сенетіндігін түсінгісі келді.


        Бұл оқиғаны ой елегінен өткізе отырып, бір фактіні түсіндім. Екі адам бір-бірін жақсы көріп, қымбат болып тұрса да сезімдерін білдіру үшін үшінші адам қажет болады екен.


        Сондай-ақ бала тығырыққа тірелсе, өз мәселесімен бетпе-бет қалады. Біздер, үлкендер әрқашан маманның көмегіне жүгіне аламыз. Ал балалар қайда барады? Психологке ма? Ол үшін ақша керек қой.  Мұғалімнен немесе жақындарынан көмек сұрайды ма? Бұл шешім емес. Не істеу қалады? Сенім телефоны. Өкінішке қарай, ол туралы ешкім біле бірмейді. Бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешу керектігін жоғарыдағылар қашан түсінеді екен!



Текст: Фарида Турсумбекова

Аударма: Меруерт Сағымхан

мәтін орыс тілінде


Новости партнеров