Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан

Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде пәтерінен жылан шыққанын хабарлады, деп жазады Sputniknews порталы.

Әйел Қарағанды қаласының орталығында тұрады екен, пәтерінен жылан табылғанына аң-таң болып отыр.

«Отбасыммен Н. Әбдіров көшесіндегі үйдің алтыншы қабатында тұрамыз. Бүгін таңертең әжем ас үйден жылан тауып алды, ол бірден пештің артына жорғалап кеткен. Аң-таң болғанымызды айтып жеткізе алмаймын! «112» нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласып, болған жайтты айттым», – деп жазды әйел.

Оның айтуынша, құтқарушылар келгенде жылан жоғалып кеткен. Олар кетіп қалған соң ас үй шкафының астынан жылтырап қайта көрінген. Үй иелері құтқарушыларды күтпей, шкафты, пешті тартып, жыланды тауып алады.

«Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметті шақырып, бұл жолы жыланды көзден таса қылмай отырдық. Олар тез келіп, ұстап алды! Жылан ысылдап, айбат шегіп, шабуылдауға тырысты», — дейді Қарағанды тұрғыны.

Қазір жыланның улы-улы еместігі анықталып жатыр. Болжам бойынша, даланың улы сұр жыланы сияқты.


Новости партнеров