Қарағандыдағы менингит оқиғасына дүрлігудің реті жоқ – Бекшин

Қарағандыдағы менингит оқиғасына дүрлігудің реті жоқ – Бекшин
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин таяуда Қарағандыда менингит оқиғасының тіркелуіне қатысты түсінік берді, хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған өңірде менингиттің бір ғана жағдайы тіркелді. Осы аурудың үш түрі бар екенін білесіздер. Ал Қарағандыда оның ең жеңіл түрі, яғни «серозды менингит» анықталды. Ол емделеді және осы аурудан болатын өлім-жітім өте төмен. Сондықтан бұл оқиғаға байланысты дүрлігудің реті жоқ», – деді Ж. Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Бас санитарлық дәрігер аталған факті бойынша тиісті медициналық және эпидемиологиялық шаралар жүргізілгенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандыдағы № 102 мектеп-гимназияның оқушысы ұйыма менингитке шалдыққан болатын.


Новости партнеров