Исламдық банк шариғат шартынан ары аспайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Исламдық банк шариғат шартынан ары аспайды. Соған қарамастан, депозиттерге кепілдік беруі де бек мүмкін. Салымшы банктің ірі жобаларға құйған ақшасының ақталуын күтеді. Өйткені, инвестиция нәтижесінен кейін, таза табыс үлескерлерге бөлініп беріледі. Тіпті, қаржы құрылымы тақырға отырса да, салымшылар құр қол қайтпайды. Олар үшін арнайы резервтік қор сақтауда.  Исламдық банктердің  үлес салмағы барлық қаржы құрылымдарының 5 пайызын ғана құрайды.  Осы ретте, Ислам банктеріне  қаншалықты сенім артуға болады?

- Бақыт Бектұрғанұлы, қайырлы кеш! Айтыңызшы, исламдық банкке кімдер салымшы бола алады және оның шарттары қандай?

-Қазіргі таңда Қазақстанда 2 исламдық банк тіркелген. Біреуі- «Аль Хилаль», екіншісі жуырда ғана тіркелген – «Заман»  банкі. Исламдық банктің салымшысы болып кез келген адам бола алады. Қарапайым банк пен исламдық банктердің салымдарын салыстыра отырып олар, исламдық банкті пайдалана алады. Олардың бірінен-бірінің айырмашылығы, исламдық банктің шарттары шариғат заңдарына сәйкес жасалған.

- Қазіргі таңда нақты қандай соммаға дейін қаржы салуға болады және қаншалықты кепілдік беріледі?

-Қазіргі заң бойынша исламдық банктер Қазақстанның депозитке кепілдік беру қорының мүшесі болып табылмайды.  Сондықтанда қазір қор Ұлттық банк пен келіссөздер жүргізіп жатыр. Заңға өзгеріс енгізу бойынша. Салымның соммасына келетін болсақ, «Заман» банк жуырда ғана тіркелді. Сол себептен  «Заман» банк салым бойынша жоспарын құрып, енді халыққа  ұсынады. Сол жоспар бойынша салымның соммасы, мерізімі және басқа да ерекшеліктері белгіленетін болады. Ал енді салымның сақтандыру соммасы заңға өзгерістер енгізгеннен кейін белгілі болады. Әзірге тек талқылану үстінде.

- Кепілдік беру мәселесі бір жаққа шыға алмай отыр екен. Осы ретте банк банкрот болса, салымшылар не істейді?

-Қазіргі таңда исламдық банктер өте  қарқынды дамуда. Әсіресе, Малайзия, Индонезия, Сауд Арабиясы, АҚШ-та исламдық банктер өте жақсы дамуда. Осындай даму Қазақстанда да өз орынын табады деп сенеміз. Бұған себеп, «Аль-Хильал» банк қарқынды дамып келе жатыр. «Заман» банк өзінің стратегиялық жоспарын өзгертіп, исламдық банкке бет бұрып отыр. Сондықтан оның алатын орны зор деп есептейміз. Исламдық банктер банкрот болған жағдайда, олардың тартату мәжбүрлеп, сақтандыру соммасын төлеу заңға өзгерістен кейін белгілі болады.


Новости партнеров