Каршеринг қызметі: көлік иелері үшін ақша табудың жаңа тәсілі

Каршеринг қызметі: көлік иелері үшін ақша табудың жаңа тәсілі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Автокөлігі бар алматылықтар темір тұлпары арқылы үйден шықпай-ақ қаржы таба алады. Ол үшін көлігіңізді жалға беретін компанияға тапсыруыңыз қажет. Бұл кәсіпкермен тұтынушыға қаншалықты тиімді? Тәуекелге барғаннан кейін, Ресейдегідей апатты  жағдайдан сытылып кететіндердің құрығына түсіп қалу қаншалықты қауіпті?

Мобильді қосымшаның көмегімен көңіліңіз қалаған көлікке тапсырып беріп, жалға алуыңызға мүмкіндік бар. Компания клиентке темір тұлпардың кілтін виртуалды түрде жібереді. Автокөлік тұрағына келіп, қалта телефонындағы қосымшада көрсетілген батырманы басып, есігін аша аласыз. Ал шынайы көліктің кілті мен қажетті құжаты салонның ішінде дайын тұрады. Яғни, сіз компания қызметкерінің келбетін көрмей-ақ, келісімшарт жасайсыз. Тек сағатына ақысын - 300, ал шақырымына 65 теңге төлесеңіз жеткілікті. Бұл сомманың ішіне сақтандыру мен жанармай құны кіреді. Қызмет түрі «каршеринг» деп аталады. Алматыда соңғы екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания келісімшартты мұқият танысып шығуды ескертеді. Өйткені, айыппұл арқалап, апатты жағдайға тап болсаңыз, оны өтеу толықтай тұтынушының мойнына ілінеді.

 «Компания мен тұтынушының екі жақты сақтандыру полисі бар. Егер клиент апатты жағдайға тап болса, әуелі бізге хабарын береді. Біздің тарап, жол сақшылар мен сақтандыру мекемесін шақырамыз. Шығын мәселен, 200 мың теңге болса, жалға алған адам кінәлі болса, 40 мың теңгесін төлейді. Енді алдағы уақытта автокөлігі бар алматылықтар темір тұлпарларын пайдаланбайтын кезде, біз секілді компанияларға жалға беріп, айына 100 мыңнан жоғары қаржы табуына болады. Сақтандыру мен келісім шарт бойынша бәрі заңды іске асырылады», - деді автокөлікті жалға беру компаниясының директоры Асылбек ЕСЕНОВ.

Ал комапания қызметкерін көзбен көріп, келісімшарт қағазын қолмен ұстап, бетпе-бет уағдаласып барып, жалға көлік алғыңыз келсе, онда арнайы мекен-жайы көрсетілген тұраққа баруыңызға тура келеді. Мұнда құжаттан бөлек, көліктің сырты мен ішкі салонын мұқият тексеріп шығу тек өзіңізге жүктеледі. Егер тұрақтан көлікті алып кеткеннен кейін барып, автоның сырылғанын байқасаңыз, жауапкершілік бәрібір жүргізушіге жүктеледі. Ал бағасы көліктің классына сай сағатына 1 300 теңгеден -10 мың теңгеде дейін. Оған қоса кепілдікке 30 мыңнан 100 мың теңге аралығында кепіл сома тастап кетуіңізге тура келеді. 

«Келісімшартқа қол қойған азамат бір басқа да, ал рөлге отырған азматтың мүлдем басқа кісі екені анықталған жайттар болған. Көбінесе, ащы суға сылқия тойып алып, қасындағы досы немесе туысы көлікті басқаруды қолына алады. Айыппұл болсын, апат болсын жауапкершілік келісімшарт бойынша сақталады», - деді  автокөлікті жалға беру компаниясының атқарушы директоры  Зарина ЮЗЫКАЕВА.

Көрішілес Ресейде әлдеқашан дамып кеткен бұл бизнес түріне үрке қарайтындар көп. Кәсіпкерді шығынға шаш етектен батырған мәдениеті төмен жүрігізушелер де саңырауқұлақша қаптаған. Әсіресе, каршеринг қызметінен нәпақа табам деген іскерлердің ісіне кедергі келтіретіндердің қатары қысқармай тұр. Мобильді қосымшаны бұзып, темір тұлпарды айдалаға апарып, қоқыс ретінде қаңтарып кетітіндер көп. 

«Бүгінде ондаған компания бар Ресейде. Олар күн құрғатпай көбейіп жатыр. Бұрындары Мәскеуде бір-екі ғана оператор ғана болса, қазір олардың саны 15-тен асады. Сондай-ақ каршеринг қызметін бір емес, 3-4 компания бірақ тіркейтіндер бар.  Апатты жағдайда сақтандырудың түрі маңызды рөл атқарды. Жалға беруші басын бәледен жеңіл қорғасысы келсе, көлікті қымбат компанияға толықтай  сақтандыруы маңызды», - деді сарапшы Марк ГОЙХМАН (Ресей).

Ал отандық сақтандыру омбудсмені жалға алған азамат та міндетті түрде сақтандыру полисін алуы керек. Бірақ бұл шұғыл көліктің рөліне отыруға мүкіндік бермейді. Уақытты тиімді пайдалану үшін ең тиімді тәсілі оны онлайн арқылы рәсімдеу - дейді. Қазір заңды түрде жүзеге асыру үшін сенатта қызу талқыланып жатқан көрінеді. Мақұлдаса, ғаламтор арқылы  1 шілдеден бастап көлікті  әб-сәтте сақтандыруға мүмкіндік тумақ.

«Көлігін жалға беру арқылы алматылықтар ақша  тапқысы келсе, бірінші кезекте тәуекелге өзі барады. Жеке көлігіне қанша жүкті артқанынан да бейхабар болады. Оған ешкім есеп бермейді.Сондай-ақ келісімшартта  рұқсат етілген жүру жолынан асып кетпеуі ескерілуі керек. Бұл тәсіл батыста бар. Сонда ғана сіздің су жаңа көлігіңіз тез тозып кетуден сақтай алады. Азаматтардың осы ретте құқықтық сауатын жақсылап меңгергені абзал. Әйтпесе, көлігіңізді жөндеуге тапқан қаражатыңыз жетпей қалуы да мүмкін», - деді сақтандыру омбудсмені Андрей КОПОВ

Омбудсмен мобильді қосымша мен онлайн сақтандыру қызметін пайдаланатындардың алаяқтардан абай болуын сұрайды. Өйткені, кез келген жаңа жүйе жүзеге асқаннан кейін, алдап ақша табудың амалын қарастыратындардың қаралары көбейетіндігі сөзсіз - дейді.

 

Әйкерім Ердәулетқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы 


Новости партнеров