Қазақ жазушыларының шығармалары түрік тіліне аударылды. Түркияның бас консулдығымен бірлесіп өткізген шара барысында 20-шы ғасырда өмір сүрген қазақ қаламгерлерінің 5 романы түрік тіліне тәржімаланған.
Бердібек Соқбақбаевтың «Менің атым Қожа», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы, Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамалы» және Тайыр Жомартбайұлының «Қыз көрелік» шығармаларымен енді түркі әлемінің оқырмандары да таныса алады.
Консулдың айтуынша, кітаптар қазірдің өзінде түркі жұртына тарап кеткен. Ал еліміздегі 11 мыңнан астам кітапхананың 400-іне жаңа аудармалар жеткізілмек.
«30 тамыз сіздерде Ата Заң мерекесі болса, бізде бұл күн Жеңіс күні ретінде аталып өтіледі. Екі елдің мерекесі де құтты болсын! Қазақ жазушыларының шығармаларын біздің еліміздегі оқырмандардың танысуына мүмкіндік туды. Мәдениеті, тамыры бір екі ел достығының арқасында, әлі де көп игі істер жасалады деп ойлаймын», – деді Түркияның Қазақстандағы Бас консулы Рыза Каган ЙЫЛМАЗ.
Игі іс-шараға Түркияның Анкара қаласынан да бір топ депуттаттар мен әкімдері келген. Аударма ісі мұнымен тоқтап қалмайды. Қазіргі сәтте түркиялық ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тілінде сөйлету жұмыстары жүріп жатыр.