|
05.04.2017 | 12:12
2237

Елге препараттарды енгізу барысында дәрілік заттар мұқият бақыланады

Елге препараттарды енгізу барысында дәрілік заттар мұқият бақыланады

Енді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің дәрі-дәрмек өндірушілері дәрілік заттардың қауіпсіздігіне толықтай жауапты болады. Яғни бұрын тауар өндірушілері дәріханалар желісіне өнімдерді тек жеткізіп беретін болса, қазір оларға өз препараттарының қаншалықты нәтижелі екенін бақылау міндеті жүктеліп отыр. Бұл туралы Алматыда өткен дәрілік заттарды қадағалау мен сараптауға байланысты 4-ші халықаралық конференция барысында айтылды. Препараттарды елге енгізу жұмыстары барысында дәрілік заттар сапалық, нәтижелік, қауіпсіздігі жағынан мұқият бақылаудан өтеді. Бұл шаралар Еуропалық үлгілерге сай болуға, аурудың алдын алу жұмыстарын оңтайлы іске асыруға сеп болмақ.


«Қазақ нарығындағы дәрілерді қадағалау жүйесі өзге ТМД-ға мүше елдерге қарағанда жеткілікті ілгері жылжып келеді. 2010 жылдан бері Қазақстан қадағалауды Еуропалық сапаға сәйкес, кезең бойынша жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Елдің фармакологияға қатысты Заңнамалары Еуропамен тең деп айта аламын. Бұл уақытқа дейін Қазақстан дәріні сараптау, оны нарыққа енгізу әдістерінің деңгейі жағынан жетекші елдер қатарынан табылады», - деді ЕАЭК техникалық реттеу және акредиттеу департаменті бөлімінің басшысы Дмитрий РОЖДЕСТВЕНСКИЙ (Ресей).


Қазір еліміздің фармакологиялық қадағалау қызметі ауруды емдеуге еш нәтиже бермейтін дәрі-дәрмектер туралы ақпарат жинақтауды жүргізіп жатыр. Ол үшін тек медицина өкілдерінің ғана емес, қарапайым халықтың да кез келген препарат жөніндегі пікірлері мен қалаулары ескерілмек. Жағымсыз әсерлерді байқаған кез келген азамат Ұлттық сараптама орталығына хабарлай алады. Фармакологиялық қадағалау  мамандарының мәліметінше, елімізде шамамен 100-ден аса дәрілік препараттар нарықтан алынып тасталған. Оның ішінде отандық және шетелдік өндірушілердің өнімдері бар.


«Ауруды басатын дәрілер, бас ауыратын, қол-аяқ сырқағандағы Ибупруфен, Диклофенак сияқты дәрілердің арасында бұл дәрілердің әсері бір-біріне өте ұқсап қалған. Сондықтан біз не істедік, біз бір таблетканың ішінде екі немесе одан да көп осындай бір әсері бар қоспаны алып тастадық. Бұл 2010 жылдан бері жүргізіп келе жатырмыз. Екі қоспаның бірге қолданылуы жағымды әсерден гөрі жағымсыз әсерге көбірек әкеледі», - деді Фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингілеу орталығының басшысы Шынар БАЙДУЛЛАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир