Еліміздің білім саласында өзгерістер болуы мүмкін

Еліміздің білім саласында өзгерістер болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің білім саласында өзгерістер болуы мүмкін. «Мектеп бағдарламасын ауыр» деп сынаған халық қалаулысы оқулық мазмұнын қайта қарауды сұрады. Мәжілісте баяндама жасаған Білім және ғылым министріне депутаттар сұрағы қарша борады.

Енді мектеп оқушыларына демалыс күндерге үй тапсырмасы берілмейді. Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай деді. Біздің оқушылар үй жұмысын орындау уақыты бойынша 65 мемлекет ішінде төртінші орын алып тұр. Халықаралық зерттеуге сәйкес, бірқатар мемлекеттерде, соның арасында Қазақстан үй тапсырмаларының көлемі мен білім жетістіктері арасындағы тура ара қатынас жоқтығын көрсетеді, деді ведомство басшысы.

«Халықаралық зерттеуге сәйкес, бірқатар мемлекеттерде, соның арасында Қазақстан үй тапсырмаларының көлемі мен білім жетістіктері арасындағы тура ара қатынас жоқтығын көрсетеді.  Осы мәселемен мұғалімдер және мамандардан құралған екі топ айналысқан, сондықтан үй жұмысын орындау уақыты күніне орта есеппен бір сағатқа азаймақ», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

Ал депутат Бекболат Тілеухан  қазіргі оқулықтарға қарап зәрезап болатындығын жасырмады. Ахмет Байтұсыновтан бері келе жатқан әліппе атауын «Сауат ашуға» ауыстырудың астары қандай екенін түсіндіруді талап етті.  Депутаттың сөзінше, екінші сыныптың оқушысына жетінші сыныптың деңгейіндегіні жазып беру рухани қаскүнемдік. Сабақтастықтың жоқтығы, келер буынның болашағына балта шабумен бірдей, деді.

«Әліппе» деген сөз символикалық бейнелі атау. Ол ментальді атау. Ол қаныңа сіңген атау. Байтұрсыновтан келе жатқан атау», - деді  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты  Бекболат ТІЛЕУХАН.  

Зағипа Балиева кез келген жаңашылдық балалармен, мұғалімдермен келісілуі керек дейді. Білімге енгізілген реформаларды оқушылар арқылы сынауға болмайды. Ал министр өз кезегінде бала-бақшаға тұратын кезектің бірізділікке түсетіндігін айтты. Яғни республикалық ортақ кезек болады. Айта кетейік, бұған дейін жергілікті әкімдіктер орындарды бөлетін.


Новости партнеров