Кабулдағы жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Сыртқы істер министрлігі Кабул әуежайында болған жарылыс туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ», – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Ауғанстан астанасы Кабул әуежайына жақын жерде болған жойқын жарылыстың салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 60-ы жарақаттанған болатын.
Жарылыс үшін жауапкершілікті «ДАИШ» (Қазақстан және өзге де бірқатар мемлекеттер аумағында тыйым салынған) лаңкестік тобы өз мойнына алды және террорлық актінің мақсаты Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустумның көзін жою болғанын айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
16.10.2026 21:34