ХХIII Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды. Ақ Олимпиадаға арнайы салынған бес бұрышты стадиондағы шеруге әлемнің 92 елінің саңлақтары сап түзеп шықты. Олардың қатарында қазақ елі де бар. Қазақстан құрамасын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев бастап шықты. Айта кетейік, Олимпиадаға елімізден 46 спортшы 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Байрақты бәсекеде 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ Отандастарымыз жарыс жолын бастап кеткен болатын. Фристайлдың могул түрінен іріктеу сынына қатысқан Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков бірден финалға өтті. Аталған спортшылар енді 11 ақпан күні кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59