|
22.06.2018 | 20:10
2256

Бауыржан Байбек "Көк-Жайлаудың" 100 гектар жерін Іле Алатауына қайтаруды тапсырды

Бауыржан Байбек "Көк-Жайлаудың" 100 гектар жерін Іле Алатауына қайтаруды тапсырды

«Көк-Жайлау» шатқалындағы жеке меншіктегі жер мемлекетке қайтарылады. Бұл туралы «Көк-жайлауды» дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында белгілі болды. «Almaty Mountain Resorts» компаниясының директоры Наиль Нуров жыл бойы жұмыс жасайтын тау курортын жасауға байланысты оның аумағына сараптама жүргізгенде, 2002 жылы 5 гектар жердің жеке меншікке берілгені анықталғанын айтты. Мемлекеттік жер кадастрының автоматты ақпараттық жүйесінің мәліметіне сай, 5 гектар жердің Алматы облысы аумағында орналасқаны және оның 2002 жылы жеке меншікке берілгені көрсетілген. 2014 жылы Алматы қаласы шекарасының өзгеруіне орай аталған  жер учаскесі Медеу ауданының құрамына енген. Қала басшысы Бауыржан Байбек жауапты басқармаларға тиісті заңнамаларға сай жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы процессті бастауды тапсырды.

«Біз «Көк-жайлауда» жеке меншіктің болмайтыны туралы үнемі айтып келеміз. Аталған жоба ерекше  бақылауда, көпшілікпен бірге біз оның ашықтығын назарда ұстаймыз. Жобаның техникалық- экономикалық негізі толық жасалған соң ол міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өтетін болады»,-деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Сонымен қатар Іле Алатауы табиғи паркіне Көкжайлаудың 100 гектар жері қайтарылады. Айта кетерлігі, жобаның жаңарған  техникалық-экономикалық негізі биылғы жылы аяқталады. Осыдан соң оны көпшілік талқысына салу жоспарланып отыр. Наиль Нуров, алғашқы нұсқасымен салыстырғанда курорт жобасының екі есе оңтайландырылғанын айтты.

«Құрылыс алаңы 10 есе қысқарды, 300-ден 30 мың шаршы метрге дейін. Шаңғы трассалары 77 -тен 18-ге дейін азайды, олардың басым көпшілігі шаңғы тебуді үйренушілерге арналған. Қонақүйлердегі орын саны 6,5 мыңнан 250  орынға қысқарған. Трассаларға жасанды қар төгетін екі өзеннің біреуі ғана қалды. Осыған орай біз бөлінген 1002- гектар жердің 100 гектарын босаттық»,-деді «Almaty mountain resorts» ЖШС директоры Наиль НҰРОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир