|
07.08.2018 | 14:44
1826

Алматы облысында мүгедек адамды қорлаған бала іздестіріліп жатыр

Алматы облысында мүгедек адамды қорлаған бала іздестіріліп жатыр

Алматы облысында мүгедек әйелді қорлаған бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған оқиға Қапшағай қаласында 5 тамыз күні кешкі сағат 18:14-те болған. Болған жайттың барлығы көшедегі бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Бұл видеоны Фейсбуктегі парақшасында Юлия Трофимова жариялады.

Бейнекадрда 6-7 жас шамасындағы ер балалардың аялдамада отырған әйелді мазақтап, қорлағаны көрініп тұр.  

Мүмкіндігі шектеулі әйел қолындағы пакеттен йогурт алып берген. Біраз уақыттан соң бала йогуртты әйелдің үстіне төгіп, босаған ыдысын бетіне лақтырып жіберген. Одан кейін әйелдің басына құтыдағы суды құйып жіберіп, құтысын тағы лақтырған. Жас баланың бұл әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Облыстық ІІД қазір аталған оқиғаға қатысты адамдарды анықтап жатыр.  

«Әйелдің өзін, балаларды, видеоға түсіргендер мен видеоны жариялаған адамдарды іздестіріп жатырмыз», – деді Сергей Незнаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир