«Медеу» мұз айдыны 330 мың адамды қабылдауға дайын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Медеу» жаңа маусымды бастауға сақадай сай. Биыл 45 жыл толып отырған мұз айдынында түрлі қысқы фестивальдер жоспарланған. Ал «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында қараша және желтоқсан айларында халық коньки тебуді тегін үйрене алады. Бұрын мұндай қызмет түрі 5 мың теңге көлемінде болған екен. Спорт кешені биыл айдынға келушілер санын да рекордттық көрсеткішке жеткізуді көздеп отыр. «Медеудегі» жаңа маусым 21 қазаннан басталады.
«Бұл маусымда біз келушілер санын арттыруды көздеп отырмыз. Шамамен 330 мыңнан астам адамды қабылдауға әзірміз. Былтырғы универсиада кезінде 270 мыңдай адам келген болатын», - деді "Медеу" мұз айдынының маркетинг бойынша директоры Әйгерім НИЯЗБЕКОВА.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41