«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 314 миллиард теңге тиесілі игерілмеген. Бұл Ұлттық экономика министрі берген мәлімет. Соңғы 9 айда атқарылған жұмыстарға көз жүгірткен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Тимур Сүлейменов пен жергілікті билік өкілдеріне мемлекеттен бөлінетін қаржыны ысырап етпеуді әрі соманы дұрыс игермеген аймақтардың келер жылғы бюджетін қысқартуды тапсырды. Айта кетейік, биыл республикалық маңызы бар 22 тас жолдың жобасына 300 млрд теңге бөлінген. 1 қазанда 150,4 млрд теңге тиесілі игеріліп, жылдық жоспар 57 пайызға орындалып отыр. Сонымен қатар, қосымша 96,4 млрд теңге бөлініп, оның тек 27 млрды қамтылыпты. Осыған орай, 602 шақырым тас жолдары пайдалануға беріледі. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға 500 млрд теңге бөлінсе, оның 65 пайызы ғана қолданылған.¤
«2017 жылы 109 білім беру нысанын салуға 71,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Ағымдағы жылы 76 білім беру ошағы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Қазан айының басындағы көрсеткіш бойынша, жергілікті бюджетке 56,5 млрд теңге бөлінген. Оның 53,7млрд теңгесі игеріліпті.Әрі, 53 мектеп пен 2 балабақша ашылған»,- деді ҚР Ұлттық экономика министрі, Тимур СУЛЕЙМЕНОВ.¤
Білім ошақтарын салуды дұрыс жоспарламау өз алдына бір түйткіл. Сағынтаев жиында тұрғын үйлердің ретсіз бой көтеруіне наразы. Сұраныс жоғары аймақта керісінше баспана аз салынады екен. Айта кетер ақпар, енді «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотека рәсімдеу талаптары өзгереді. Биыл Қазақстанда осы бағдарлама бойынша салынған 100 мың пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
«Еліміздің 14 аймағында екінші деңгейлі банктер тұрғындарға ипотека арқылы жеңілдетілген пайызбен жаңа пәтерге қаржы бөле бастады. Бүгінгі таңда 7 млрд теңгені құрайтын 700 өтінім келіп түскен. Биыл іске қосылған ипотекалық бағдарлама айтарлықтай нәтиже бере қойған жоқ»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі, Жеңіс ҚАСЫМБЕК.