Алматыдағы компьютер клубы миллион теңге айыппұл арқалады

Алматыдағы компьютер клубы миллион теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы компьютер клубы миллион теңге айыппұл арқалады. Ойын орталығы осы күнге дейін заңға қайшы жұмыс істеп келген. Қожайыны 86 компьютердің 71-ін салық органына тіркемеген. Сәйкесінше, оларға салық та төлемеген. Мұндай қитұрқылықты әшкерелеген мамандар бұған дейін кәсіпкерге техниканы салық органына айыппұлсыз тіркеуді ескерткен де. Әйтсе де, клуб иесі бұл жайтқа назар аудармаған. Енді салық заңына сәйкес, компьютер клубына 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Жыл басынан бері біз компьютерлік клубтар бойынша жұмыстар жасап жатырмыз. Бүгінгі күні салық органдарына 297 компьютер есепке тұрғызылып, бюджетке 15 млн теңге қосымша түсті. Ойын клубы Фурманова,172 мекен-жайы бойынша анықталды. Салық тексеру нәтижесі бойынша компьютерлік клубке 966 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш ТҮМЕНБАЕВ.


Новости партнеров