Митио Каку: алдағы 30 жылда кез келген тілді аударатын көз линзалары жасалады

Митио Каку: алдағы 30 жылда кез келген тілді аударатын көз линзалары жасалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саммитте ерекше ой-пікір білдергендердің бірі - Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд болды. Қаржылық дағдарысқа тоқталған  экс- президент алдағы уақытта шикізат пен табиғи ресурстарға тұрақты баға белгілеу қажет дегенді алға тартты. Оның ойынша, әлемге дәлелденген саяси шешімдер қажет.

«Белгілі бір шешімді талап ететін саяси мәселелер бар. Ол  ғаламдық ұсыныстарды, болмаса ел ішіндегі жағдайларды қамтуы мүмкін. Әрі, әрдайым ұстанатын нақты мақсат бар. Сондықтан біз экономикалық, қаржылық, сауда-саттық бағытында талаптарға сай тұрақтылықты сақтауымыз тиіс. Сатып алу қабілетін арттыру үшін шикізат пен табиғи ресурстардың бағасын белгілі деңгейде ұстау керек», - деді Франция президенті (2012-2017) Франсуа ОЛЛАНД.

Пленарлық жиында Ұлыбритания қаржыгері Джим О' Нилда жаһандық сын-тегеуріндер төңірегіндегі ойымен бөлісті. Әлемдегі долларлық өзгерістердің 84 пайызы АҚШ және Қытайға байланысты деген пікірде. Әрі, әлемдік экономикада Азия тұтынушылары рөлінің маңызды екенін баса айтты. Соңғы 10 жылдағы көрсеткіште аталмыш аймақ басымдық көрсетіпті.

«АҚШ осы жолы жаһандық мәселелерде тиімді жолды таңдауы оңды болар еді. Бұл менің ойым. Қытай үздіксіз экономиканың жоғары дәрежеде субсидияланатын секторына ие ел болып келеді. Қазіргі уақытта барлық өсім тұтынушының айналасына байланған. Айта кетерлігі, біз тіркеп отырған экономикалық өсімдегі 20 пайыздық өзгерістер Қытай тұтынушылары нарығындағы өзгеріске құбылады», -деді қаржыгер Джим О' НИЛ (Ұлыбритания).

Ал танымал Жапон физигі Митио Каку болашаққа көз жүгіртіп, жаңа технологиялар жетістігіне тоқталды. Оның пікірінше, 30 жылда адам ағзасы сатылатын дүкендер пайда болады. Ғаламтор желісін көз әйнекпен болмаса линза арқылы қолдануға мүмкіндік туады.

«Адамдар линзадан өзге адамдардың айтқан сөзінің аудармасын көретіндей заманға жетеміз. Ол кез келген тілде аударып беретін болады. Біз қазірдің өзінде жасанды тері, көз, мұрын жасап жатырмыз. Алдағы уақытта барлық мүшелер зертханада өсіріледі. Келесі мүше біздің бауырымыз болады. Адамның бауыры болашақта зертханаларда өсіріле бастайды», - деді физик Митио КАКУ (Жапония).


Новости партнеров