Алматы іргесіндегі ауылдарға қатынайтын қоғамдық көліктер жолақысы 150 теңгеден аспайды

Алматы іргесіндегі ауылдарға қатынайтын қоғамдық көліктер жолақысы 150 теңгеден аспайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы іргесіндегі елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көлікпен жол жүру құны қымбаттай ма? Қала ішіндегі жолақы мен жақын ауылдарға қатынау бағасы қандай? Бұл сұрақтың жауабын Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Шыңғыс Байқадамов түсіндірді.

«Қазіргі кезде Алматы қаласынан шаһар маңындағы елді мекендерге  40-тан астам қоғамдық көлік бағыттары қызмет көрсетеді. Олардың нөмірлік сандары 401, 402-ден бастап, 440-қа дейін барады. Олардың қала ішіндегі төлемақысы – 80 теңге. Ал қала сыртындағы төлемақы жүріп өту қашықтығына байланысты, тасымалдаушының өз тарифтік кестесіне сәйкес белгіленген. Бірақ келісім-шарт талаптары бойынша ең жоғарғы баға – 150 теңгеден аспауы тиіс. Мысалы, Саяхат авто вокзалынан Жәпек батыр, Казцик, Комсомол ауылына баратын бағыттардың төлемақысы қала ішінде – 80 теңге. Жәпек батыр, Казцик ауылына дейін – 120 теңге. Комсомол ауылына дейін 140 теңгені құрауы мүмкін. Бірақ ол бағыттағы ең жоғарғы баға 150 теңгеден аспайды», – деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Шыңғыс БАЙҚАДАМОВ.


Новости партнеров