Балық өсіретін шаруалар субсидияға қол жеткізе алмай отыр

Балық өсіретін шаруалар субсидияға қол жеткізе алмай отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі тұтынатын балықтың 75 пайызы импорт. Ал балық өсіретін шаруалар субсидияға қол жеткізе алмай отыр. Аталған саладағы шаруаның алға баспай тұрғаны Қазақстанның үшінші балықшылар форумында айтылды. Әсіресе аква-мәдениет саласына бөлінетін субсидияға қол жеткізу қиын. Өйткені, жергілікті әкімдіктегілердің көбі министрліктің қаулысынан да, заңнан да хабарсыз. Мәселен, бүгінгі таңға дейін республикалық деңгейдегі аквамәдениетті дамытуға, қолдауға бағытталған жалғыз құжат «Агробизнес-2020» бағдарламасы ғана. Осы бағдарламаға сай 2020 жылға дейін Қазақстанда 15 мың тонна тауарлық балық өсірілуі керек делінген. Бірақ асыл тұқымды немесе арнайы өсіретін мақұлықтарды асырауға арналған қайтарымсыз қаржыны алу қиын болғандықтан, тапсырманың дер кезінде орындалуы мүмкін емес көрінеді.

«Табиғаттың бергені өсіпте үлгеріп жатқан жоқ, сапасыда нашарлап жатыр. Рұқсат беретін көлемі де шектеліп жатыр. Сондықтан, бұл жерде жаңағы аквакултураны дамыту керек. Осы жаққа көңіл бөлу керек.  Шаруашылықтар тек тірідей сатылады. Сондықтан, оның сақталу мерзімі қысқа. Егер оны қайтадан өңдеуден өткізіп, дүкендерге шығарып жатса оның құны да жоғары пайдасыда көп болмақ»,- деді "Атамекен" ҚР ҰКП сарапшысы, Мырзахмет ӨКСІКБАЕВ.  

Былтыр 24 мың тонна балық өсірілсе, оның 9 мың тоннасы консервіленген екен. Өзбекстанда су айдындары мен бассейндер біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда аз болғанына қарамастан балық өсіру жағынан көп алда. Мәселен, табиғи жолмен көбейген балықтарды аулау небары 40 тоннаға жетсе, Өзбекстанда ол 78 мың тоннаны құраған. Сондықтан, балықтың азығы мен жабық сулы технологияларды алуға бөлінетін субсидияны көбейту керек.  Аквамәдениет мәселесін шешудің  тағы бір жолы субсидияны мал шаруашылығы құрамынан оқшаулау. Өйткені, аймақтар бөлінген қаржының көбін егіс, мал шаруашылығына жұмсап, қаржы қалса ғана оны аквамәдениетке бөледі екен. 



Новости партнеров