Алатау ауданының әкімі халық алдында есеп берді

Алатау ауданының әкімі халық алдында есеп берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданында 280 шақырымға жуық аумаққа арық жүйесі тартылмаған. Қазір қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тиісті шараларды атқарып жатыр. Алатаулықтар аудан әкімінің есебін тыңдады. Атқарылған жұмыстар легіне тоқталған әкімге қойылған сұрақтар да аз болмады. Олардың көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру бағыттарына байланысты. Бірі жүру интервалының көптігіне налыса, енді бірі ескі көліктерге шағымданды. Шахмерден Рыспаев бұл мәселелелер жақын арада шешімін табатынын айтты. Ал, көктем келісімен тұрғындарды әбігерге түсіретін Қарғалы өзені жөндеуден өткен. 653 миллион теңгені құрайтын құрылыста өзен бойына қоршаулар мен көпірлер орнатылып, арық құбырлары тартылған.

«Аудан бойынша жалпы ұзындығы 279 шақырымды құрайтын арық жүйесі қажет ететін жерлер анықталып, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жобалық-сметалық құжаттар дайындау ұсынылды»,деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, Шахмерден РЫСПАЕВ.

 

Новости партнеров