Ата-аналар конференциясы: оқушының бос уақытын қалай тиімді етуге болады

Ата-аналар конференциясы: оқушының бос уақытын қалай тиімді етуге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ХХІ ғасырдағы ата-ана моделі қандай болу керек? Бұл мәселе Алматыда өткен республикалық ата-аналар конференциясында талқыланды.

Оқушыны ғаламторға тәуелділіктен қалай сақтауға болады немесе деструктивті діни ағымды қалай түсіндіру керек екені туралы 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына жан-жақты кеңес берілді. Отбасы күні қарсаңында өткізілген бұл шара бірінші болып Алатау ауданында өтті.

«Қазіргі ата-аналар, яғни балалардың әке-шешелері күндіз көбінесе жұмыста болады. Мектептегі бүгінгі конференция өте жақсы қойылған. Мектеп пен отбасының, оқушылардың арасында ынтымақтастық болған кезде ғана жақсы тәрбие жүзеге асады деп ойлаймыз. Мектебімізде конференциялар, жиналыстар жиі болып тұрады. Балаларым, немерелерім түрлі үйірмелерге, биге, спорт секцияларына қатысады. Қалалық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері атанып жатыр», – дейді ата-ана Ғафура МҰХАМЕДҚАЛИЕВА.

Конференцияда оқушының бос уақытын қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны және оқуды қызықты ету мәселесі айтылды. Мұндай жиналыстар Қазақстанның барлық мектебінде, бірінші сыныптан он бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арнап өткізілуде.  


Новости партнеров