Алматы облысында 50-ге жуық еңбек мигранттары ұсталды

Алматы облысында 50-ге жуық еңбек мигранттары ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстанға бала шағамызды бағу үшін келдік»!  Бұл еліміздің заңын белшесінен басып, пайда табуды көздеген Өзбекстандық  азаматтардың сөзі. Алматы облысы көші-қон полиция қызметкерлерінің ұйымдастырған рейд қорытындысында  елуге жуық көршілес елдің  азаматтары қолға түскен. Бүгінде олардың қолдарында жеке бастарын анықтайтын ешбір құжаттары жоқ. Айтуларынша, «басшымыз барлық жағдаймен қамтамасыз етемін деп шақыртқан» дейді. Толығырақ Нұрсейіт Жылқышыбайдың бейнематериалында.

Бұл діріл қаққан кадырлардан таңғы ұйқыдан енді оянған шетел азаматтарының бет жүздерін аңғаруға болады. Олар елімізде қай жерде, кім болып жұмыс істеп жатқандарын  нақты айтып отыр. Тіпті, шетел мигранттарының сөздерінше,  құс фабрикасында түрлі жұмыс атқарады екен.

«Біз «Алатау құс» фабрикасында жұмыс атқардық. Барлығымыздың жұмысымыз әртүрлі болды. Бұл жақа ақша табу үшін келдік. Бала - шаға бағуымыз керек қой»,- деді Өзбекстан азаматы, Сұраджидин ХАФИЗОВ.

«Біз бұл жаққа ақша табу үшін келдік. Айына ақша төлейді? Жетпіс мың теңге. Жетеме? Жетеді. Құжаттарымыз Бабаназар деген бригадирда»,- деді Өзбекстан азаматы, Мұхаммет БАБАНАЗАР.

Айлығымыз шайлығымызға жетеді. Біз Қазақстанға бала шаға бағу үшін келдік деген Өзбекстан азаматтарының келешек тағдыры қалай болатыны әзірге белгісіз. Тек, ала шапанды ағайындардың ендігі арманы аман - есен өз елдеріне оралу екен.  

Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген Өзбекстан азаматтарында жеке басын куәландыратын ешқандай құжат жоқ.  Сондықтан, отыз  күнге уақытша оқшаулау орталығына жөнелтіледі.     

«Іле ауданындағы «Алатау құс» фабрикасынан Өзбекстан азаматтарын шығардық. Өзбекстан азаматтарының қолдарында әзірге құжаттары жоқ. құжаттарын алдыртқаннан кейін тексеру жұмыстарын жүргізіп істі сотқа өткіземіз. соттың қаулысымен шешім қабылдайды»,- деді Алматы облысы көші-қон полиция  басқармасының  инспекторы, Дидар ТҮЛЕБАЕВ.  

Бұл Өзбекстандық азаматттардың жеке бастарын анықтайтын тиісті құжаттары көші-қон полиция қызметкерлерінің қолдарына тигеннен кейін іс сотқа жөнелтіледі. Ал, әділ сот үш түрлі шешімнің біреуін шығаруы мүмкін. Яғни, әкімшілік айыппұл салынады, немесе он күнге қамалады. Немесе бес жылға дейін Қазақстан аумағына  кіруге рұқсат етілмейді.




Новости партнеров