Алматыда мамандандырылған тергеу соты ашылды

Алматыда мамандандырылған тергеу соты ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ашылды. Енді прокурорлар қамауға алуға санкция шығарудан немесе экстрадиция мерзімін ұзартудан бұрын, ол шешімді осы сотқа келіп дәлелдеуі тиіс. Ондай іске адвокат, күдікті және қоғам белсенділері де қатысады. Құпия тергеуге санкция беруден басқа, барлық іс ашық режимде өтеді. Осылайша, сотқа дейінгі тергеу амалдары қызметі қатаң бақылауға алынды. Ескере кетер жайт, бұған дейін тергеу сотының міндеттерін прокурор атқаратын.  

«Адамды қамауда ұстау, қамау мерзімін ұзарту немесе оны босату, үй қамауында ұстау немесе басқа адамға жақын келмеу деген шектеулерді, басқа да процессуалдық амалдардың барлығын тергеу соттары беретін болады. Бұл өте дұрыс шешім. Францияда да, басқа да өркениетті елдерде де осындай тәжірибе бар», – деді Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы ӘБДІҚАНОВ.

Тергеу сотында 7 судья және 16 маман қызмет атқарады. Орташа есеппен сот күн сайын тергеу судьяларының құзыретіне кіретін 50-60 материалды қарастырады. Атап өтерлігі, осы жылдың 10 қаңтарында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық аймағында осындай тергеу соттарын құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.  


Новости партнеров