Биылдан қалмай ЭКСПО аумағында IT-хаб өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Премьер-министр қатысқан жиынға ТМД елдерінің Үкімет басшылары, Еуразиялық экономикалық одақ алқасы ат салысты. Барлығының қаузаған тақырыбы -«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі».
Қазақстан- мемлекеттік қызметті электронды үкімет арқылы ұсынған ТМД елдерінің ішінде алғашқы ел. Бүгінде әлемнің 193 республикасы ішінен дәл осы «электронды үкіметтің» дамуы жағынан 33-ші орынға жайғасқан. Цифлық экономика шығыны онсызда шаш етектен ел қазынасын барынша үнемдеп, оның үстіне қосымша жұмыс күшін арттырмақ. Мәселен, цифрландыру арқасында 2022 жылға қарай 300 мың жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Ал интернет желісін пайдаланушылар үлесін- 82% дейін, сондай-ақ халықтың цифрлық білімділігін - 83% арттыру жоспарлануда. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев биылдан қалмай IT Hub -тың құрылатындығын алға тартты.
«ЭКСПО аумағында IT-хаб жұмысын жарты жылдан кейін іске қосамыз. Ол туралы шешім қабылданды, заң шығарылды. Ағылшын құқығындағы Астана халықаралық қаржы орталығы туралы конситуциялық заң қабылданды, біздің IT-хаб осы орталыққа қосылды. Біз оған әлемнің дарынды адамдарын тартқымыз келеді. Сонымен қатар, біз киберқауіпсіздік туралы ұмытпауымыз керек. ЕАЭО мәселесіне келгенде біз келісімді әзірлеу барысында экономика құру саласында ғана интеграция орнатуға келіскенбіз. Елбасы мемлекеттің жоғары жетістіктерге жетуі үшін былтыр арнайы жоба да бекіткен еді», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы мықтап қолға алған болатын. Сол үшін де өткен жылдың 17 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» жобасы бекітіліген еді. Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін арттырып, халық өмірінің сапасын жақсарту. Жіпке тізетін болсам, жоба екі жолмен жүзеге аспақ. Әуелгісі, «Қазіргі экономиканы цифрландыру». Ал екіншісі - «Болашақтың цифрлық индустриясын құру».
Жиында сөз алған Ресей федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведев криптавалютаға келген де, ойының екі ұшты екенін жасырмады. Тек 1990 жылдары да ғаламтор арқылы түрлі компаниялардың ашылып, кейін үшті- күйлі жоғалғандығын алға тартты. Дәл сол сияқты электронды ақшаны компьютердың арғы жағынан сан ретінде көргеніңізбен, қолмен ұстап, қажетініңге қалаған уақытта жарата алмай қалуыңыздың әбден мүмкін екенін ескертті.
«Криптавалюта төлем жасаудағы жақсы балама ма? Әлде уақыт өте жоқ болып кетуі мүмкін бе? Оны нақты ешкім білмейді. Бұл тұрғыда блокчейн теңдессіз технология, ол нақты сақталады. Сондықтан біз ұлттық модельмен шектеліп қалмауымыз керек. Қағиданы бір мемлекеттің төңірегінде енгізу мүмкін емес. Жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Халықаралық конвенция құрып, күшті үйлестіру керек. Тауарларды идентификациялау арқылы таңбалау бойынша келісімге қол қоямыз. Ұлттық сандық технология мен инфрақұрылымнан жоғары Бірыңғай ұғынықты аппарат шығару керекпіз», - деді Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий МЕДВЕДЕВ.
Келелі кездесуге келген сарапшылардың түртіп аларлықтай тәжиірбелерін Қазақстан тарапы назарға алды. Мәселен, Беларусь елінің жоғары технологиялық паркке қолдау көрсеткеннің арқасында цифрландыру жағынан үлкен жетістікке жеткен. Анығында, компания мамандары бүгінде әлемнің 193 мемлкетінің азаматтары пайдаланатын мобильді қосымшаны ойлап тапқан. Ал Армения Үкіметінің басшысы Карен Карапетян 2030 жылы мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасында 100 пайыз цифрландыруға өтетіндіктерін жеткізді. Қытайда да бұл қарқын қуатты. Онда электронды коммерция мықтап қолға алынғандықтан, бүгінде 11 миилион халық жұмысқа орналасқан. Осы ретте, Қазақстан да дәл осы сала бойынша 200 мың маманға жұмыс тауып бермек ниетте.
«Қазақстанда «ІТ индустрия» мықтап дамуы үшін әуелі оған жағдай жасау керек. Сол үшін де халықаралық тәжиірбені мұқият зерттеп жатырмыз. Мәселен, бізге Беларусь елі үлгі бола алады. Ондағы компаниялардың салықтан босатылуы кәсіпкер үшін маңызды рөл атқаратындығын да ескердік. Өйткені, осындай жеңілдіктің арқасында Беларусь елінің «ІТ» компаниялары 1 милиард доллардың экспортқа тауарын шығарып үлгерген», - деді «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» ақ басқарма төрағасы Руслан ЕҢСЕБАЕВ.
Еліміз үшін Еурзиялық Экономикалық Одақ аясында сауда-саттықты арттыру мақсатында, кедендік декларацияның бұрынғыдай тәуіліктеп емес, небәрі 15 минутта дайын болуы Қазақстан үшін одақтағы 180 миллион халықтың нарығында біте қайнауға ықпал етеді. Ол үшін «Астана-1» электрондық кедендік декларация жүйесі іске қосылды. Былтырдан бері құжаттары рәсімдеудің орташа уақыты 4 есе азайған.
Әйкерім Ердәулетқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы