Біріккен Араб әмірлігі мен Қазақстан жасыл экономиканы дамыту тұрғысында әріптестік жүргізбек. Осы саланың білікті маманы Бехжат әл-Юсуф тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы келді. Ол қазір баламалы қуат көздерін зерттеумен айналысатын "Масдар" ғылым және технологиялар институтын басқарып отыр. Бехжат әл-Юсуфтың сөзінше, екі мемлекеттің бұл салада ортақ мәселелері көп. Біріккен Араб әмірлігі экономиканы әр тараптандырып, шикізатқа тәуелділіктен арылтып, жасыл экономиканы жетілдіруге мән бермек. Қазақстандық сарапшылар жаңа өнімдерді қай бағыт бойынша енгізетінін шешіп қойған.
«Мен біздің еліміздің азаматтары Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі туралы хабардар. Халықаралық көрмені тамашалауға Араб әмірлігінен жеткілікті деңгейде адам келетініне сенімдімін. Көрмеде көпшілік назарына ұсынылатын өнімдер 2020 жылы Дубайда өтетін Экспода қолданылады деген ойдамын»,- деді БАӘ Масдар ғылым және технологиялар институтының ректоры, Бехжат ӘЛ-ЮСУФ.
«Басымдық беретін бағыттар жетерлік. Ең бастысы баламалы энергия көзін және өндірістің энергиялық тиімділігін арттыру. Қазір Қазақстан энергиялық тиімділігі бойынша дамыған елдерден 3-5 есе артта қалып отыр. Соның ішінде экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдері арасында»,- деді ҚР президенті жанындағы жасыл экономика кеңесінің мүшесі, Бақыт ЕСЕКИНА.