|
13.06.2018 | 13:21
1241

Рухани жаңғыру: 100-ден аса мемлекет Star of Asia музыкалық фестивалін көрмек

 Рухани жаңғыру: 100-ден аса мемлекет Star of Asia музыкалық фестивалін көрмек

"Азия жұлдызы" - Star of Asia музыкалық фестивалін әлемнің 116 еліндегі көрермендер тамашалайтын болды. Мерекелік шоу Республикалық телеарнада тікелей эфирде де көрсетіледі. Ұйымдастырушылар биылғы шараның жылдағыдан өзгеше болатынын айтып отыр.  Медеудегі сахна жұлдыз пішінінде  орнатылмақ. Сондай-ақ жарық пен сапалы дыбыс фестиваль көркін ашады. Айта кетейік, шараның алғашқы күнінде көрермендерді тосын сый күтіп тұр. Шетелден келген қонақтар қазақ халқының тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылымдарды тамашалайды. Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді.

«Фестивальдің бірінші күнінде арнайы қойылым ұсынып отырмыз. Онда қазақ халқының мәдениеті мен тарихы кеңінен көрсетіледі. Сондай-ақ қазақтың тамыры терең екенін байқауға болады. Осы жобамыз туристтік индустрияға  арналып отыр. Сондықтан келген қонақтар қаламызды тек әдемі жағынан баға беріп қана қоймай, мәдениетіміздің де қарыштап дамып келе жатқанын көру керек»,-деді Халықаралық «Star of asia» музыкалық фестивалінің бас режиссері Шара АЙДАРОВА.

Режиссерлар мен продюсерлер әр өнерпаздың киімінен бастап, сахнадағы қимылдарына дейін жоспарлап қойған. Сонымен қатар көрермендер арасында  сыйлықтар ойнатылады. Ең бағалысы жеңіл автокөлік. Еске салайық, Star of Asia фестивалі осы демалыста өтеді. Онда Anastasia, Араш сынды әлемдік жұлдыздар мен қоса, Астро және «Серебро» топтары өнер көрсетпек. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир