|
15.12.2017 | 17:40
2290

Жаңа жылда өрттің 40 пайызы от шашудың салдарынан болады

 Жаңа жылда өрттің 40 пайызы от шашудың салдарынан болады

Төтенше жағдай қызметінің екі жүзге жуық маманы алдағы аптадан бастап Алматының сауда алаңдарында сатылатын  пиротехникалық өнімдерді тексеруге шықпақ. Құжаты жоқ, қауіпсіздігі күмәнді өнімдер, атылғыш заттар тәркіленеді. Былтыр 4 мың келіден астам пиротехника тәркіленген. Қауіпті заттардың кесірінен жарақат алған жан саны артып жатыр деп жар салатын төтеншеліктер заңсыз сауданы жоюдың себебімен емес, тек салдарымен ғана күрескен болады. Рейдтке шыққан статистикаларын көлденең тартқанмен, одан азайған заңсыз сауда жоқ. Түрлі тарсылдақты саудалап жатқандар учаскелік полицейлерден де сескенбейді. Осындай олқылақтардың кесірінен соңғы екі жылда тек алматының өзінде 172 адам түрлі жарақат алса, олардың 76-сы бала.

«Ересектер арасында 40 пайыз төмендесе, балалар арасында азаймай тұр. Егер балалар болса оларға ересектерсіз сатпаңыздар деп шегелеп айтып кетеміз. Заң жүзінде біз тиым сала алмаймыз. Тек профилактикалық ретінде біз оларды құлақтандырамыз», - деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі  Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.

«Жаңа жыл мерекесі кезінде шыққан өрттердің 40 пайызы осы пиротехникалық заттардың атылуынан орын алады», - дейді төтенше қызмет мамандары. Арнайы рейдтерді бастаймыз деген төтеншеліктер көшедегі қауіпті пиротехника сатушылардың саудасын тоқтатуға кепілдік бере алмай отыр.   

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир