Қазақстанда спорттық медицина даму үрдісінен кеш қалған. Ұлттық олимпиада комитеті дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов осылай деді. Айтуынша, заманауи үрдістен кеш қалғандықтан, кейбір дәрігерлерде қолданатын препараттарды допингпен шатастырып жатады. AIBA Бүкіләлемдік бокс академиясы базасында допингке қарсы жұмыс және спорттық аппараттарды жетілдіру жайлы халықаралық жиын жүріп жатыр. Іс-шараға Германиядан, АҚШ, Чехия, Венгрия және ТМД елдерінің кәсіби мамандарынан бөлек, еліміздегі түрлі спорт федерацияларының жаттықтырушылары да келген. Семинарда допингке қарсы тұру жолдары талқыланып, қатысушыларының кәсіби біліктілігін арттыруға баса назар аударылмақ.
«Кейбір спортшылардың жақсы нәтиже көрсете алмауы - спорттық медицинаның деңгейі жақсы емес екені. Дүниежүзінде спорттық медицина жоғарлап кетті. Спорттық дәрігерлердің де деңгейі көп жоғары деп айта алмаймыз. Білмейтіндері де бар. Оның бәрі дәрі допинг деп саналатынын білмейтіндер де бар», - деді Ұлттық олимпиада комитеті дирекциясының директоры Елсияр ҚАНАҒАТОВ.
Семинар аясында кәсіби спортшылардың денсаулығын бақылап отыратын заманауи шетелдік аппараттардың да таныстырылымы өтті. Тіптен дәрігер немесе жаттықтырушы қалт кеткен кезде бәсеке жолына шығатын спортшының ағзасындағы су, май, бұлшық ет мөлшерін, сүйектегі, тіптен ішкі ағзалардағы ауытқулар мен белоктарды, қажетсіз, артық заттарды санаулы секундтарда анықтап беретін құрылғылар шыққан. Бірақ құны қымбат құрылғыларды барлық федерация мен спорт мектептерінің алуына мүмкіндіктері жоқ. Ал өркениетті елдерде баланы үйірмеге бермес бұрын оның сол спортқа генетикалық мүмкіндігінің қаншалықты дайын екендігін анықтап алады. Ал бізде көбінесе ата-ананың немесе баланың қалауымен таңдалады.
«АҚШ, Германия сынды дамыған елдерде әр спортшының жоғары максималды жетістікке жетуіне мүмкіндігінің қаншалықты екенін генетикалдық сараптама арқылы-ақ анықтап алады. Спорт үйірмесіне бермес бұрын бала қабілетінің қай спорт түріне келетінін тексеру маңызды. Бізде спортпен айналыстан бала көп, бірақ әлемдік деңгейдегі жетістікке жеткені аз. Оның себебі спортышың қабілетін қарамағандықтан», - деді спорттық генетика сарапшысы Әлия СЫЗДЫҚБЕКОВА.