|
02.02.2017 | 10:28
3183

Алматы инновациялық тың стартап жобалар орталығына айналмақ

Алматы инновациялық тың стартап жобалар орталығына айналмақ

Алматы - тек мәдени-экономикалық қала ғана емес, енді инновациялық тың стартап жобалар орталығына айналмақ.  Жас кәсіпкерлермен жұмыс жасау Елбасының тапсырмасымен былтыр іске қосылған болатын. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Инновация» бөлімі бойынша қолдау тапқандар мен ол үшін бөлінген бюджет қаржысы үш есеге өскен.

Жас кәсіпкерлердің тың жобаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Өткен жылы ел қазынасынан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 84 миллион теңге грант бөлінген еді. Аталмыш бағдарлама бойынша 145 үміткерден құжаттар қабылданып, оның 31-і қайтарымсыз 3 миллиондық грантқа ие болыпты. Енді биыл шәкіртақы көлемін 10 пайызға, яғни 145 миллион теңгеге дейін көтеру жоспарлануда. Сондай-ақ кәсіпкерлер шәкіртақы алу үшін тиісті құжаттарын наурыз айынан бастап тапсыра алады. Бизнес жобалар жан-жақты, ІТ, медицина саласы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бағыттарын қамтиды.

«Тек қана Алматы қаласында «Алматы инновация жергілікті» бағдарламасы осы жылы іске асырылайын деп отыр. Бұл бағдарламаға 100 млрд теңге бөлінген, кәсіпкерлер 100 млн теңгеге дейін 8,5 пайыздық үлесі бар кредиттер ала алады», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Жандос АБАЕВ.

Былтыр бөлінген шәкіртақы иегері Бағдат Бейсембаева жұмысын дөңгелетіп жүргеніне небәрі 2-3 жыл болған жас кәсіпкер. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау ісінің қажеттіліктерін айтарлықтай өтеуге сеп болғанын айтады.

«2016 жылы біз мемлекеттен 3 милионға дейін грант алдық,. Ол қаражатқа біз үлкен машинкалар, пештер алдық. Сонымен қатар, шеберхана аштық. Өйткені оның алдында үйден басталып жұмыс істедік», - деді кәсіпкер, дизайнер Бағдат БЕЙСЕМБАЕВА.

Еуропа елдерінде кеңінен дамыған «Фьюзинг» деп аталатын әйнекті балқыту арқылы жасалатын технология елімізге кенже еніп жатқан сала. Жоба авторлары бұл технологияны арнайы мәскеуден келген шеберлерден үйренген екен. Қазір жас кәсіпкер еліміздің дизайнерлерімен бірлесіп жұмыс жасап жатқан көрінеді. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста қолданылатын витражды есіктерге, мозайкалы терезелерге, сәндік әшекейлерге арналған бұйымдарды дайындау жоспарда бар.

«Бұл ұқыптылықты, назарды талап қылатын жұмыс. Сол себепті бұған кез келген адам бел буып істеймін деп келе бермейді. Бұл жұмыстың жақсы жері өзіңнің істеген жұмысыңды біткен кезде одан ләззат алу», - деді шебер Қамажай АРҒЫНБАЕВА.

Қолымдағы мына бұйым 1500 градустық арнайы пеште балқытылып жасалған. Бұл жүзіктің сапасы шетелдік әшекейлерден кенде емес. Мұндай қолдан жасалған бұйымдарға қалада сұраныс та көп.

Елбасының халыққа Жолдауында елде 3Д-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, денсаулық сақтау, білім беру салаларында цифрлық қызмет көрсету ісінде қолданылатын салаларды дамыту керектігі айтылды. Бұл индустриялық жобалар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикалық құрылымын өзгертуге сеп болмақ.

Назкен Байтілес, Ескендір Тоғыспаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир