|
03.07.2018 | 20:21
9406

Алматылық оқушылар жаз бойы суда жүзуді тегін үйренеді

Алматылық оқушылар жаз бойы суда жүзуді тегін үйренеді

Алматылық оқушылар жаз бойы суда жүзуді тегін үйренеді. Ұйымдастырушылар сапасы жоғары деген қаладағы алты үлкен бассейнді таңдап алған. Спорт басқармасы қыстай тау шаңғысы мен коньки тебуді тегін үйреткен еді. Қалалық әкімдіктің қолдауымен өтіп жатқан шара тамыз айының соңына дейін жалғаспақ.

Любовь пен Анастасия малтуды бұрыннан жақсы көрседе, ақылы түрде бассейнге баруға анасының қалтасы көтермеген. Тегін курстың өтетінін естіген егіз қызды анасы алғашқылардың бірі болып тіркепті.

«Үйренгім келеді. Өйткені біз теңізге барған сайын құтқарушылардың көмегі арқылы ғана жүзем. Сондықтан үйрену керек мағанда»,-деді Анастасия СИМОНЕНКО

«Суға жүзіп үйренгіміз келеді. Анамыз алып келді»,-деді Любовь СИМОНЕНКО 

Айдында жаттықтырушы арқылы жүзудің бір айлық ақысы Алматыда кемінде 15 мың теңгеден басталады. Осыны ескерген әкімдік спорт кешендеріне қатысатын оқушы санына орай қаржы бөліпті. 

«Әзірге әлі жүзу білмейміз. Осындай тегін сабақтардың барына өте қуаныштымыз. Екі егіз қызымды бұрын бассейнге апармағам. Әрі жұмыссызбын. Сондықтан сабақтардың тегін болуы жанұялық бюджетімізге де жақсы көмек болды. Ақылы болса екеуіне бірдей төлеу қиын соғар еді»,-деді Ольга ПОЛЬГАЛОВА .

Бассейнде балықтай жүзгісі келетін балаларға көзілдірік, бас киім, сақтық кеудешесі сынды құралдар тегін беріледі. Қатарынан қос жаттықтырушы  кішкентайларды қадағалап, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«Кейбір балалар суға ойнау үшін келеді. Судың ішінде оқу оңай емес. Жүзудің техникаларын толық меңгеруге онсызда уақыт тығыз болғандықтан сабақ сәл ауырлау болады.  Бір сағатта шамамен отыз балаға дейін қатысады»,-деді жаттықтырушы Виктор РЕШЕТНЯК . 

Жазғы демалыста екі мың баланы жүзуге үйрету жоспарланған. Құлшыныс танытқандар қатары көп болғандықтан басқарма тек  8 бен 12 жас аралығындағы балалардың қатысуын құптаған. Әрбір бала бір сағаттан аптасына үш мәрте жүзу сабағына келе алады. 

«Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен спорттық алматы бағдарламасының аясында оқушыларды жүзу негіздеріне үйрету жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Осы бір айдың ішінде 702 бала жүзу бағдарламасы бойынша оқып, үйреніп өтті»,-деді "спорттық алматы" жобасының ұйымдастырушысы Айдос БАГАШЕВ.   

12 сабақтан соң, қатысушылар суда дұрыс дем алу, қалқу, малту, сүңгу, секіру сынды сан түрлі әдістерді меңгереді. Бассейнге баласын бергісі келген бұқара спорт басқармасына алдын ала тіркеліп, сабаққа туу туралы куәліктің көшірмесін, медициналық анықтама әкеледі. Бассейнге бару біткен соң ұйымдастырушылар сертификат пен медальдарды табыстамақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир