Алматының Арбаты жаңаша түрленбек

Алматының Арбаты жаңаша түрленбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Арбаты жаңаша түрленбек. Жібек Жолы көшесі енді адам танымастай өзгеретін болады. Сапалы, табиғи материалдармен көмкеріліп, жаңа субұрқақтары, өнер иелеріне арнайы алаңдар мен демалыс орындары жасалады.

Алматының атақты демалыс орнына айналған Арбат алаңы керемет кейіпке еніп, келбеті өзгермек. Мұнда өнер адамдарына арналған аспан астындағы амфитеатр, балаларға арналған алаңқайлар, жол бойында шағын субұрқақтар мен отырып демалатын жасыл желектер пайда болады. Тіпті мұнда велосипедшілер мен арбалы адамдарға ыңғайлы болуы үшін жолдағы жиектер де алынады. Тарихтан белгілі, өзінің сауда-саттығымен ерекшеленетін Жібек Жолының белгісі ретінде арнайы күміс жолағы да бейнеленеді. Жөндеу жұмысына тек сапалы құрылыс материалдары қолданылмақ. 

«Өкінішке орай, қазір қалалықтар көбіне автокөлікпен жүріп кетті, ал жаяу жүргіншілерге жағдай аз жасалған. Велосипедшілерге, арбасы бар адамдарға да жолында көп кедергілер бар. Мұндай жобалар еуропада, ақшта да қолға алынған. Біз көліктердің саны азайып, адамның беймарал жүріп-тұруына барынша жағдай жасауға тырысудамыз. Алматы - осындай жобаға лайықты қала»,- деді Жоба авторы, архитектор, Роман ШНАЙДЕРМАН. 

Арбатқа енетін дүкендердің сырты жобаға сәйкес болуы керек. Ал кәсіпкерлер өздеріне тиесілі нысандарды түрлендіруге дайын.

«Қаланың көркін әсемдеу үшін біз де өз үлесімізді қосамыз. Біздің меншікке тиесілі екі павилионның кейпін заманға, жобаға сәйкестендіріп өзгертуге дайынбыз. Дүкендеріміз сапалы, соңғы үлгілерге сай болса шетелден келер туристерге де, тұрғындарға да жағымды болары анық»,- деді Кәсіпкер, Евгений БЛУДОВ. 

Сонымен қатар, жол жиегіндегі тұрғын үйлердің де қасбеттері қайта жөндеуден өтеді. Ал жобаға сәйкес құрылыс жұмыстарын тұрғындардың өздері жүргізуіне тура келеді екен. 

«Үйлердің қасбеттері жаңа жаңғыртудан өтуі керек, өйткені олардың салынғанына қанша жылдай болды, қазіргі көріністері онша емес. (кім жасау керек?) қазір енді біз нарық заманындамыз, сондықтан әр ғимараттың өзінің иесі бар, сол иелерінің есебінен жүргізілуі керек»,- деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Жанат АЙТІЛЕУ. 

Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы әзірге бастама шамамен 3 миллиард теңгеге бағаланып отырғанын айтты. Аталмыш игі жұмыс көктем-жаз айларында басталатын көрінеді. Сонымен қатар, жүргіншілерге арналған Астана алаңы мен 4 көшенің, яғни Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр және Жібек Жолы көшелерінің түрленуіне арналған жобалары аяқталуда.

Назкен Байтілес, Асет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров