|
14.06.2018 | 11:39
2358

Қазақстанда жоғары шенді экс-дипломат ұсталды

Қазақстанда жоғары шенді экс-дипломат ұсталды

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев 10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, лауазымды тұлға қызмет атқарған жылдары министрлікке бағынышты мекемелер басшыларының былықтарын жасырып келген.

«Өз кезегінде Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанова қылмыстық жоспарды ұйымдастыра отырып министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасаған және оларды кедергісіз қабылдау үшін кәсіпкерлерден 20 млн теңгеден астам пара алған. Жалпы алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Соттың санкциясымен Қарашев пен Нүрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпас жазасы қолданылды»,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан ЖАХИН.

Еске сала кетейік, 53 жастағы Анарбек Қарашев осы уақытқа дейін Сыртқі істер министрлігінде хатшы, кеңесші сынды түрлі қызмет атқарған. Премьер-министр кеңсесінде бөлім басшысы, 2008 жылы Чехияда төтенше және өкілетті елшісі, 2014 жылдың шілде айынан осы жылдың мамырына дейін сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінде болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир