Қазақстанда ҚҚС төлеушілерді тіркеу жеңілдетілмек

Қазақстанда ҚҚС төлеушілерді тіркеу жеңілдетілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бес күннің ісі бір күнде бітеді. Енді қосымша құн салығын төлеушілерді тіркеу тура осындай уақытты алады. Онымен қоса, басқа да қызметтерді алу біршама жеңілдетілмек. Ал еліміздегі банкроттық бақылаушыларға бұдан былай айлық төленуі мүмкін. Бұл туралы салық комитеті кәсіпкерлермен өткізген кездесуде мәлім болды.

Алматылық Наталия Суворова салық департаментіне жиі келеді. 8 жылдан бері өз кәсіпен айналысқан келіншек соңғы 4 жылда қосымша ретінде банкроттық бақылаушы болып жұмыс істейді. Ондай қызметі үшін ақы әрқашан төлене бермейді. Бірақ заңдағы өзгерістерге байланысты оларға айлық есептелінуі мүмкін. Ал банкроттық бақылаушылар дегеніміз кімдер? Мәселен, қандай да бір компания банкортқа ұшыраса, оны алты ай ішінде сотқа арыз түсіру арқылы жария етуі тиіс. Олай болмаса жағдайда бақылаушылар мекемеге заңға сәйкес тексеру жүргізеді.

«Біздің айлығымыз бойынша сұрақ нақты шешім таппаған. Бірақ жыл соңына дейін сұрақ оңтайланып, сәтті аяқталады деп ойлаймын. Банкроттық бақылаушылардың айлығын бюджетке қойып, біз кепілді айлығымызды аламыз деп сенемін», - деді кәсіпкер Наталия СУВОРОВА.

Бүгінде қағазбастылықты талап ететін қызметтер біршама жеңілдетілді. Кәсіпкерлер үшін бұл жақсы жаңалық. Әсіресе, банкорттық бақылаушылардың енді еңбегі бағаланатын болды. Айта кетейік, еліміз бойынша 453 банкорттық бақылаушы қызмет етеді. Оның 92-сі Алматыда. Биыл 509 мекеме өздерін «тақырға отырдық» деп жариялаған.

«Біз елімізде «Оңалту және банкроттық» заңына бірқатар өзгерістер енді. Сонымен бірге біз қазір заң алдында жауапкершілікке тартылған мекемелердің ісіне сараптама жасаймыз», - деді  МКД оңалту және банкорттық бөлімінің басшысы Әнуар ҰЗАҚБАЕВ.

Халыққа қызметтердің 65 пайызы электронды түрде көрсетілуде. Сондай-ақ кірістер департаменті жемқорлықпен күресті күшейткен. Веб-камера, электронды кезек бұның барлығы ашық әрі айқын қызмет көрсетілу үшін жасалған нақты қадамдар. Енді кәсіпкерлерге пара беруге де себеп қалмайтын болды.

«Сіз салық өтінішін өткізесіз, 5 жұмыс күні ішінде оны қарастырып, содан кейін ғана сізді есепке алады. 2017 жылдың 1 мамырынан бастап бұның бәрі жеңілдетіледі процедуралар. Электронды форматқа өтеді. Демек, сіз өтінішті, арызды электронды кабинет арқылы тапсырасыз болмаса кірістер басқармаларына келіп, бір-ақ өтінішті көрсетесіз. Оған қосымша құжаттарды тіркемейсіз. Сізді бір күні ішінде есепке алады. Бұрындағыдай бес күн болмайды», - деді  МКД түсіндіру жұмысы басқарма басшысы Заңғар ШЫҢДАЛИ.

Заң күшіне енгенге дейін салық мамандары кәсіпкерлерге түсініктеме жүргізуге ниетті. Ал қосымша жүргізілген зерттеулерден кейін салық төлеушілердің шағымы қаралып, маңызды сұрақтар бірге талқынып шешіледі деп отыр.

Жадыра Омаржан, Салтанат Шорай, Рашиддин Якупов, Алматы телеарнасы


Новости партнеров